Премьер-министр Олжас Бектенов коммуналдық қызмет тарифтері өсе беретінін мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай шешім апаттардың алдын алып, саланың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қабылданып отыр.
«Тарифтердің өсі әлі тоқтаған жоқ. Бүгінгі кездесуді пайдаланып, коммуналдық қызмет бағалары әлі де қымбаттайтынын айтқым келеді. Үкімет мұны ашық айтып отыр және тарифтерді шынайы нарықтық деңгейге жеткізуді көздеп отыр. Бұрын ұзақ жылдар бойы тарифтер тұрақтандырылып келді, сондықтан бұл салаға инвестиция салу мүмкін болмады. Соның салдарынан біз 2022 және 2023 жылдары Экибастұз бен Риддерде болған апаттарды көрдік. Егер қыста үйлерімізде жылу, жарық, су жүйелері дұрыс жұмыс істеуі үшін тарифтердің біртіндеп өсуіне көнуге тура келеді», — дейді Олжас Бектенов.
Бұған дейін тарифтер құнының өсуін тежеуге қатысты да мәлімдеме жасады.
«Тарифтердің инфляцияға қысымын азайту мақсатында олардың өсу қарқынын сәл қайта қарадық. Алайда жалпы бұл саясат жалғаса береді», — дейді Премьер-министр
