Энтони Джошуа екінші раундта UFC-дің экс-чемпионы Фрэнсис Нгануды нокаутқа түсірді
Лондондағы 2012 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері камерундықты кездесудің бірінші раундында нокдаунға түсірді. Екінші раундта Джошуа тағы да қарсыласын нокдаунға түсірді, төреші екінші нокдаунда есеп ашқанымен, Нганну жекпе-жекті жалғастыруды ұйғарған. Алайда 22 секундтан кейін британдық файтерді нокаутқа түсіріп, он раундтық жекпе-жекте жеңіске жетті.
Камерундық осымен бокс ережелері бойынша екінші кездесуге шыққан еді, ол бұрын Тайсон Фьюриге қарсы дебют жасаған еді. Нгану бұл кездесуде есеп айырмасымен жеңіліс тапқан болатын. Тағы да оқыңыздар:
nur.kz