Алматыда жекеменшік үйден шыққан өртті сөндіру кезінде екі адам өлі табылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қаза тапқан ерлі-зайыпты қарт кісілер болып шыққан. Алдын ала ақпарат бойынша, үйден өрт шығардың алдында зейнеткерлерді біреу өлтіріп кеткен. Қарияның әйелінің неден мерт болғаны әзірге белгісіз.
«Адам өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Алдын ала болжам бойынша, бастапқыда жанжал шығып, артынан қылмыс жасалған. Өзге мән-жай анықталып жатыр», — дейді Алматының Полиция департаменті өкілдері.