Астана. 22 қыркүйек. BM.KZ – Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында тарихи сәт тіркелді. Грек-рим күресінен Өзбекстан құрамасының мүшесі, этникалық қазақ Айтжан Қалмаханов чемпион болды. Бұл туралы Өзбекстан ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады.
63 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен балуан финалда Оңтүстік Корея спортшысы Чунг Хан-Жэні айқын басымдықпен жеңді.
Бұл соңғы 24 жыл ішінде өзбек балуандарының грек-рим күресінен әлем чемпионатында қол жеткізген алғашқы алтын медалі.
Бас-аяғы Өзбекстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медальді иеленді.
