Головкин қызметіндегі алғашқы сапарымен Италияға барды
Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин бокстан лицензиялық турнир өтіп жатқан Бусто-Арсициоға (Италия) ресми сапармен барды. Лицензиялық турнирде 2024 жылғы Олимпиада ойындарына барлық салмақта жолдама сарапқа салынады. Турнирге ерлер де, әйелдер де қатысып жатыр. ҰОК басшысы өзінің сапарымен шешуші жекпе-жек кезінде қазақстандық боксшыларды қолдайды. Бұл — Геннадий Головкиннің ҚР ҰОК президенті лауазымына сайланғаннан кейінгі алғашқы ресми сапары