• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Ипотеканы зейнетақы жинағымен өтеу тәртібі 31 қаңтардан бастап өзгереді

Ипотеканы зейнетақы жинағымен өтеу тәртібі 31 қаңтардан бастап өзгереді

29 января, 2026 Жаңалықтар
Фото: Отбасы банк

Астана. 29 қаңтар. BM.KZ – Тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Отбасы банк баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл өзгерістер зейнетақы жинақтарының артығын жұмсауға болатын бір мақсатқа — Отбасы банкіндегі қарыздар бойынша берешекті ішінара және толық өтеуге қатысты. Аталған мақсат қазақстандықтарға ипотека бойынша ай сайынғы төлемдерді өтеуге мүмкіндік беріп келген.

Бұл түзетулер Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілді. Аталған өзгеріс 2026 жылдың 31 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұрын Отбасы банкіндегі қарыздарды ішінара өтеу қалай жүзеге асырылды?

Банк клиенті enpf-otbasy.kz платформасына кіріп, «Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша ипотекалық қарыздың берешегін ішінара өтеу» мақсатын таңдайтын. Өтінім рәсімдеп, зейнетақы қорындағы артық жинақтарды пайдалануға сұрау жіберетін. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) өтінімді 5 жұмыс күні ішінде қарайтын және зейнетақы жинақтарының артығы болған жағдайда, біржолғы зейнетақы төлемі (БЗТ) сомасын Отбасы банкіндегі арнайы шотқа аударатын.

Қаражат түскеннен кейін клиент оны 20 жұмыс күні ішінде пайдалануы тиіс болатын. Әдетте, қарызды ішінара мерзімінен бұрын өтеу рәсімі кезекті несие төлемі жасалатын күні іске қосылатын. Соның нәтижесінде қарыз бойынша ай сайынғы төлем өтелетін.

Несие бойынша ай сайынғы төлем бірнеше бөліктен тұрады:

  • негізгі қарыздан — бұл банктің тұрғын үй сатып алу үшін клиентке берген қаражаты;
  • банктің сыйақысынан — тұрғын үй сатып алуға берілген қаражатты пайдаланғаны үшін есептелетін пайыздар;
  • мүмкін болатын мерзімі өткен берешек пен өсімпұлдардан — төлем уақытында жасалмаған жағдайда есептеледі;
  • кейінге қалдырылған төлемдерден — егер қарыз қайта құрылымдалған болса;
  • депозиттегі жинақтардан — алдын ала қарыз берілген жағдайда.

Қандай өзгерістер енгізілді?

Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларында «берешек» ұғымы «негізгі қарыз» ұғымымен алмастырылды.

— Бұл дегеніміз, енді зейнетақы жинақтарының артығын пайдалана отырып, несие бойынша ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеу кезінде тек негізгі қарызды ғана өтеуге болады. Біржолғы зейнетақы төлемі есебінен ай сайынғы төлемді толық жабу мүмкін болмайды.

Несие бойынша сыйақы (пайыздар) және ай сайынғы төлем құрамына кіретін басқа да ілеспе төлемдерді қарыз алушы өз қаражаты есебінен төлеуі тиіс, — делінген хабарламада.


Енді Отбасы банкіндегі қарыздарды ішінара және толық өтеу қалай жүзеге асырылады?

Жаңа талаптардың енгізілуіне байланысты Отбасы банкіндегі қарыздарды ішінара немесе толық өтеу процесін қайта бейімдеу қажет. Бұл белгілі бір уақытты талап етеді.

Алдағы уақытта бұл операция екі кезеңнен тұратын болады:

  • алдымен несие бойынша сыйақы және басқа да ілеспе төлемдер қарыз алушының өз қаражаты есебінен төленеді;
  • содан кейін негізгі қарыз зейнетақы жинақтарының артығы есебінен өтеледі.

— Осыған байланысты Отбасы банкіндегі ағымдағы және арнайы шоттарда қажетті қаражаттың алдын ала болуын қамтамасыз ету қажет.

Банктің қашықтан көрсетілетін қызметтерін — мобильді қосымшаны және otbasybank.kz сайиындағы жеке кабинетті — жаңа талаптарға бейімдеу мақсатында Отбасы банк біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып, қарыздарды ішінара немесе толық өтеуге арналған өтінімдерді қабылдауды уақытша тоқтатуға мәжбүр, — делінген банк хабарламасында.

enpf-otbasy.kz платформасында өтінімдерді қабылдау 2026 жылдың 30 қаңтарынан 31 қаңтарына қараған түннен бастап 2026 жылдың 2 наурызына дейін тоқтатылады.

2026 жылдың 30 қаңтарын қоса алғандағы мерзімге дейін берілген өтінімдер бұрынғы ережелерге сәйкес жұмыс тәртібінде қаралады.

enpf-otbasy.kz платформасында БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарының артығын сұрату процесі өзгеріссіз қалады.

Тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында зейнетақы қаражатын пайдаланудың басқа барлық бағыттары өзгеріссіз сақталады.

Бұл іс жүзінде қалай жүзеге асады?

Банк клиентінің зейнетақы жинағының артық сомасы 100 000 теңге. Ол осы қаражатты тұрғын үй қарызы бойынша ай сайынғы төлемді өтеу үшін пайдаланғысы келеді. Аталған ай сайынғы төлем келесі бөліктерден тұрады:

  • ай сайынғы төлемнің жалпы сомасы — 74 825 теңге;
  • тұрғын үй қарызы бойынша сыйақы (пайыздар) — 6 175 теңге;
  • негізгі қарыз — 65 699 теңге.

Бұрынғы ережелер бойынша ішінара мерзімінен бұрын өтеу қызмеиін пайдалана отырып, клиент ай сайынғы төлемді толықтай біржолғы зейнетақы төлемі (БЗТ) есебінен өтей алатын.

Жаңа ережелерге сәйкес, клиент алдымен тұрғын үй қарызы бойынша сыйақыны төлеу үшін 6 175 теңге көлемінде өз қаражатын ағымдағы шотқа салуы қажет. Тек содан кейін ғана ол біржолғы зейнетақы төлемі есебінен 65 699 теңге мөлшеріндегі негізгі қарызды өтейді.

Біржолғы зейнетақы төлемінің қалған бөлігі

(100 000 — 65 699 = 34 301 теңге)

қосымша түрде негізгі қарызды өтеуге бағытталады.

тағы бір мысал келтіре кетейік

Банк клиентінің зейнетақы жинақтарының артығы 200 000 теңге. Ол бұл қаражатты алдын ала тұрғын үй қарызы бойынша ай сайынғы төлемді өтеу үшін пайдаланғысы келеді.

Алдын ала қарыздар банктің мемлекеттік және өз бағдарламалары аясында 2%-дан бастап мөлшерлемемен беріледі. Бастапқы жарна 10%-дан басталады. Бұл қарыз түрі тұрғын үй құнының 100% көлемінде беріледі және несие бойынша сыйақы толық берілген сомаға есептеледі. Бастапқы жарна есепке алынбайды, ол Отбасы банкіндегі депозитте сақталады. Қарыз алушы несие бойынша төлем жасаумен қатар депозиттегі жинақтарын несие сомасының 50%-ына дейін толықтыруы тиіс. Бұл — тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесінің талаптары.

Осыған байланысты алдын ала қарыз бойынша ай сайынғы төлем екі бөліктен тұрады:

  • банктің сыйақысын (пайыздарын) төлеу;
  • депозитке міндетті жинақ жарнасын аудару.

Депозитте несие сомасының 50%-ы жиналғаннан кейін, бұл қаражат қарызды өтеуге бағытталады, ай сайынғы төлем мөлшері азаяды және содан кейін клиент негізгі қарыз бен оған есептелетін сыйақыны төлей бастайды.

Алдын ала қарыз бойынша клиенттің ай сайынғы төлемі келесі сомалардан тұрады:

  • ай сайынғы төлемнің жалпы сомасы — 75 000 теңге;
  • алдын ала қарыз бойынша сыйақы — 25 000 теңге;
  • депозитке міндетті жарна — 50 000 теңге.

Бұрынғы ережелер бойынша ішінара мерзімінен бұрын өтеу функциясын пайдалана отырып, клиент 75 000 теңге мөлшеріндегі ай сайынғы төлемді толықтай біржолғы зейнетақы төлемі (БЗТ) есебінен өтей алатын. Бұл жағдайда БЗТ-ның қалған 125 000 теңгесі негізгі қарызды өтеуге бағытталатын.

Жаңа ережелерге сәйкес, клиент алдымен өз қаражаты есебінен ағымдағы шотта несие бойынша сыйақыны және депозитке міндетті жарнаны қамтамасыз етуі тиіс. Тек содан кейін ғана ол 200 000 теңге мөлшеріндегі біржолғы зейнетақы төлемі есебінен негізгі қарызды өтей алады.

ақша БЖЗҚ зейнетақы ипотека несие Отбасы банк

Оқылып жатыр

Шығыс Қазақстан тұрғындарын кене шаға бастады

NBC TV қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

Мемлекет басшысы ҚР Үкіметі мен ХҚДБ арасындағы келісімге қатысты құжатқа қол қойды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024846 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024472 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024438 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Шығыс Қазақстан тұрғындарын кене шаға бастады

Жаңалықтар 7 апреля, 2026

Астана. 7 сәуір. BM.KZ — Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында 4 адамды кене шақты, деп…

NBC TV қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

7 апреля, 2026

Мемлекет басшысы ҚР Үкіметі мен ХҚДБ арасындағы келісімге қатысты құжатқа қол қойды

7 апреля, 2026

Шарын табиғи паркінде Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсті

7 апреля, 2026

LRT сынағы барлық 19 құраммен жүргізіле бастады

7 апреля, 2026

Атырауда қоқыс полигоны өртке оранды

7 апреля, 2026

Катонқарағай елдегі ең экологиялық таза қалаға айналады

7 апреля, 2026

Алматыдағы жол апатына кінәлі жүргізуші тергеу изоляторына қамалды

7 апреля, 2026

Әсері күшті дәрілерді заңсыз сату бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды

7 апреля, 2026

Қазақстанда жол-құрылыс маусымы басталды

7 апреля, 2026

Artemis II экипажы Жерден ең алыс қашықтыққа ұшу рекордын жаңартты

7 апреля, 2026

Алматыда 13 жасар қызды әкесінің досы зорлаған: балалар омбудсмені не дейді

26 февраля, 2026

Астана әуежайындағы ұшу-қону жолағы жабылады: Air Astana рейстеріне өзгеріс енгізіледі

26 февраля, 2026

Алматыда 8 келі метамфетамин тәркіленіп, күдікті қамауға алынды

26 февраля, 2026

Алматыдағы даулы оқиғадан кейін курьерлерге қойылатын талап күшейеді

26 февраля, 2026

Бүгін республика жолдарындағы ахуал қандай

26 февраля, 2026

Куба жағалауында атыс болды: қаза тапқандар мен жараланғандар бар

26 февраля, 2026

Астанада оқушылар онлайн оқитын болады

26 февраля, 2026

–40 градусқа дейін аяз: Қазақстанда күн күрт суытады

26 февраля, 2026

Атырауда трансгендерлерге қатысты резонанс тудырған оқиға: мән-жайы айтылды

25 февраля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.