Криптовалюта – соңғы 5-10 жылдық та әлемдік экономика мен қаржы жүйесінің ажырамас бөлігіне айналған құбылыс. Оның ықпалы халықаралық деңгейде сезіледі. Жетекші орын алуға ұмтылатын Қазақстанда да криптоиндустрия белгілері бар. Бұл мақалада әлемдік криптовалютаның дамуын және оның Қазақстан үшін маңыздылығын талқылаймыз.
Криптовалюта 2008 жылы биткоиннің пайда болуымен, үкімет бақылауынан босатылған төлем жүйесі ретінде қалыптасты. Криптоактивтер – цифрлы валюта, қолға ұстауға болмайтын, айналымда жүрген қаржы. Оның табиғаты – бірер мезетте бүкіл әлемде транзакцияланып үлгереді. «Биткоин төңкерісі» немесе криптовалюталар феномені әлемдік қаржы жүйесіндегі экономикалық қатынастарды түбегейлі өзгертті. Кез келген бизнес сияқты, оны бастау үшін де айналымда қаржы болуы қажет. Bitcoin Revolution арқылы пайда табуды бастау үшін кемі 250 доллар немесе одан да көп мөлшерде инвестиция керек», дейді 2022 жылы Алматыда криптовалюта тақырыбында өткен жиындағы сарапшы. Ол шарықтау шегіне жетті, құлдырады, бірақ танымалдылығын жоғалтқан емес. Неліктен? Ендеше бірге бірнеше нұсқаны қарастырайық.
Біріншіден, жоғарыда атап өткендей криптовалюта үкімет тарапынан бақыланбайды. Бұл қаржылық еркіндікті қалайтындар үшін таптырмас шешім.
Екіншіден, қауіпсіздік. Криптовалютадағы транзакциялар криптографиялық әдістермен қорғалған. Бұл олардың қауіпсіздігін арттырады.
Үшіншіден, анонимділік. Криптовалюталық транзакциялар белгілі бір дәрежеде анонимділікті қамтамасыз ететін жеке деректерді қорғайды. Және соңғы әрі маңызды бөлігінің бірі жылдамдық пен төмен комиссия. Криптовалюта аударымдары банкпен салыстырғанда жылдам және минималды комиссия ұстайды. Осы артықшылықтарын ескере отырып, оның Қазақстанға қалай әсер ететінін талқылап көрелік.
Криптовалютаны дамыту – бюджетке қомақты кіріс әкеліп, экономиканы көтереді. Қазіргі таңда мелекет тарапынан ұсынылатын қызметтердің 95%-ы цифрландырылды. Заман талабына сай жастар IT сфераны таңдап, осы бағдарлама бойынша білім алуда. Әсерінен жұмыссыз жүрген IT мамандары жетерлік. Сондықтан криптоиндустрия IT мамандарын жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етер ед(і). Медальдің екі жағы бар демекші бұл саланың да айтарлықтай кері тұстары бар. Мәселен Қазақстанда электр энергиясы тіпті кейбір ауыл, аудандарға жетпей жатады. Ал криптоиндустрия электр энергиясын көп мөлшерде қажет етеді. Халыққа жетіп болмай жатқан да, криптовалютаға жұмсау қаншалықты дұрыс? Алаяқтық тағы бар. Бұл қалтасын қалыңдатқысы келетін қарабеттер үшін ақша жымқырудың тәсілі деп білемін.
Қорыта келе криптовалюта – Қазақстанға әсер етпей қоймайтын әлемдік тренд. Бірақ оны қолданысқа енгізу не енгізбеу бізден… Еске салар болсақ, кезінде қоғам нарықтық экономикаға көшкенде виртуалды ақша жүйесін күмәнмен, сеніміздікпен қарап ед(і). Ал қазір қарасақ барлығы дерлік телефон арқылы онлайн төлем жасайды.
Құрметті оқырман сіз қалай ойлайсыз? Өз ойыңызбен бөлісе кетіңізJ
Kunsuygen🦎
ЕҰУ студенті