Ақтөбеде бір жыл бұрын Самара-Шымкент тасжолында екі көлік соқтығысып, оқиға орнында ер адам мен үш бала мерт болған еді. Оқиғаға сол күні жеңіл көлікті басқарған әйел, яғни 30 жастағы медбике күдікті деп танылды. Тергеу дерегі бойынша, әйел қарсы жолға шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан. Дегенмен сотта бұл нұсқа толық емес деп танылды. Әйел өз жолағымен қозғалғаны дәлелденді. Керісінше, жанармай тасымалдайтын көлікті басып озамын деген жүк көлігі қарсы жолға шығып кеткен. Мұны көріп медбике тежеуішті басқанымен, көлік тоқтай алмай жүк көлігімен соқтығысқан. Күдіктінің жол ережесін бұзғаны дәлелденбегендіктен оны ақтау туралы шешім қабылданды.