• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Маңғыстауда 18 жастағы сарбаз өз-өзіне қол салмақ болды

Маңғыстауда 18 жастағы сарбаз өз-өзіне қол салмақ болды

25 сентября, 2025 Басты тақырып
Фото: freepik

Астана. 25 қыркүйек. BM.KZ – Бейнеу ауданындағы № 99116 әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген 18 жастағы Сұлтан Шынтеміров әлімжеттікке шыдамай бірнеше рет өз-өзіне қол салуға әрекеттенген. Қазір ол Маңғыстау облыстық психикалық денсаулық орталығында ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

Сарбаздың анасы Лаура Шынтемірованың айтуынша, ұлы әскерге келген алғашқы күннен бастап психологиялық қысымға ұшыраған. Әлімжеттікке шыдай алмаған ол бірнеше рет өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасаған.

— Маған оның командирі қоңырау шалып, «балаңыздың жүрегі мен бүйрегінде мәселелер бар, біз оны дәрігерге қаратуға апара жатырмыз» деді. Бірақ бұл шындыққа жанаспады. Негізінде, ұлымды психиатриялық ауруханаға жатқызған екен. Бұны мен әскери қызметкерлерден емес, басқа бір ананың аузынан естідім, — дейді Лаура Шынтемірова.

Облыстық психикалық денсаулық орталығының директоры Мәди Тоқановтың айтуынша, клиникаға өз-өзіне қол салуға бейім үш сарбаз жеткізілген.

— Өздеріне жарақат салған, білектері сырылған. Олармен психолог, психотерапевт мамандар жұмыс істеп жатыр. Жалпы жағдайлары жақсы, 2-3 күнде шығарамыз, — дейді орталық басшысы.

ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі ресми түсініктеме беріп, Сұлтан Шынтеміров әскери бөлімге келгеннен бастап командирлермен және психологпен әңгіме кезінде бірнеше рет әскери қызмет атқарғысы келмейтінін мәлімдегенін хабарлады.

— 2025 жылғы 15 қыркүйекте Ш. қатардағы сарбаз «психикалық бұзылыстар» алдын ала диагнозымен Ақтау қаласындағы психоневрологиялық диспансерге госпитализацияланды. Бұл туралы әскери қызметшінің ата-анасына хабарланды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары қатардағы сарбаз Ш.-ға қатысты ықтимал заңсыз әрекеттер фактісі бойынша тексеру жүргізіп жатыр, — делінген хабарламада.

Сонымен бірге, әскери ведомство сарбазды тереңдетілген тексеру үшін Астанадағы Бас әскери клиникалық госпитальға жіберуді жоспарлап отыр.

— Азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін расталмаған ақпарат пен негізсіз пікірлер таратудан бас тартуға шақырамыз, — деп атап өтті Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі.

Әскер Бейнеу Маңғыстау Маңғыстау облысы сарбаз Суицид

Оқылып жатыр

Алматы әуежайында 6,8 млрд теңге көлемінде дивидендтер заңсыз төленген

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды

Қазақстандық ұшақтар Иранды айналып ұшатын болады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024839 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024436 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024328 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Алматы әуежайында 6,8 млрд теңге көлемінде дивидендтер заңсыз төленген

Жаңалықтар 27 января, 2026

Астана. 27 қаңтар. BM.KZ – ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті профилактикалық бақылау барысында…

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды

27 января, 2026

Қазақстандық ұшақтар Иранды айналып ұшатын болады

27 января, 2026

Светлана Жақыпова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды

27 января, 2026

Бағалар күрт өсті, халық наразы: Қазақстан экономикасында не болып жатыр?

27 января, 2026

Олжас Бектенов Kazakh Tourism басшысына: Нәтиже болмаса, қоштасамыз

27 января, 2026

Қарашығанақ операторлары Қазақстанға 4 млрд доллар өтемақы төлеуі мүмкін

27 января, 2026

Өңірлер әлеуметтік маңызы бар көкөністер мен жүгері егісін ұлғайтады

27 января, 2026

Оралда 16 жастағы жасөспірім алты күннен бері іздестіріліп жатыр

27 января, 2026

Геннадий Головкин Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті

27 января, 2026

Семейде ер адам полицейлердің екі көлігін өртеп жіберген

27 января, 2026

Үндістанның ірі әуе компаниясы Алматыға рейстерін тоқтатты

27 января, 2026

Мемлекет басшысы: тәртіпсіздік пен заңсыздыққа жол беруге болмайды

26 января, 2026

Қазақстанда Нипах вирусына байланысты санитарлық бақылау күшейді

26 января, 2026

Алматыда дәрігерлер жүкті әйелдің жүрегіне ота жасады

26 января, 2026

Атырауда күкіртсутек мөлшері рұқсат етілген деңгейден 36 есе асып кетті

26 января, 2026

Жарқанаттар, жанаттар, жыландар: 2025 жылы тағы қандай жануарлар құтқарылды

26 января, 2026

4,5 млрд теңге залал: фармацевтика саласында ірі қылмыс жасаған тұлғалар ұсталды (ВИДЕО)

26 января, 2026

Футболдан Еуропа чемпионы «Ақтөбе» футбол клубында ойнайды

26 января, 2026

ІІМ: әлеуметтік желідегі танысу туралы жазбалардың артында алаяқтар тұруы мүмкін

26 января, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.