Астана. 12 қыркүйек. BM.KZ – Ішкі істер министрі тергеуді жеке бақылауына алды.
Қайғылы жағдай Сенек кентінен 90 шақырым жерде болған. Автожолда «Toyota Hiace» автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болып, көлік жол жиегіне аударылып кеткен. Оқиға салдарынан 8 адам оқиға орнында қаза тапты, тағы екеуі ауруханада көз жұмды. Жүргізуші мен екі жолаушы ауруханаға жатқызылды.
Осығай байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. ІІМ тәулік бойы жұмыс істейтін жедел штаб құрды.
Жүргізушінің әрекеттері, автокөліктің техникалық жағдайы, маршрут және тасымалдау шарттары зерттеліп жатыр. Барлық жолаушы Қазақстан азаматтары болған және Бекет-Атаға зиярат етуге бара жатқан.
ІІМ қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына кешенді көмек ұйымдастырып жатыр, оның ішінде мәйіттерді жеткізу, заңгерлік және ұйымдастырушылық қолдау бар.
