21 шілде. BM.KZ – Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Марат Пашимов тағайындалды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Марат Пашимов 1981 жылғы 4 қазанда дүниеге келген. Медицина ғылымдарының кандидаты.
Денсаулық сақтау саласында 2003 жылдан бері еңбек етіп келеді. Әр жылдары медбрат, анестезиолог-дәрігер, реанимация және телемедицина бөлімінің меңгерушісі, ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас дәрігердің орынбасары қызметтерін атқарған. Қалалық емхананы, облыстық клиникалық аурухананы және қоғамдық денсаулық сақтау басқармасын басқарған. 2023 жылдан бері Алматы қаласындағы «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.
