• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Мароккода жаппай тәртіпсіздіктер: үш адам қаза тауып, жүздеген адам жараланды

Мароккода жаппай тәртіпсіздіктер: үш адам қаза тауып, жүздеген адам жараланды

3 октября, 2025 Жаңалықтар
Фото: hespress.com

Астана. 3 қазан. BM.KZ – Солтүстік Африкадағы жастардың шеруі жаппай қақтығысқа ұласып, салдарынан адамдар қаза тауып, жүздеген адам қамауға алынды, деп хабарлайды Kazinform.

Ресми мәліметке сәйкес, 1 қазан күні Марокконың оңтүстік-батысындағы Агадир қаласының маңында жандармерия қызметкерлері полиция бөлімшесіне кіріп, қару-жарақты тартып алмақ болған бір топ наразы топқа оқ жаудырған.

Марокко Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, салдарынан үш адам қаза тауып, ондаған адам жараланған. Министрлік қақтығыс болған түнде барлығы 354 адам, оның ішінде 326 қауіпсіздік қызметкері жараланғанын түсіндірді. Елдің 23 аймағындағы 271 қызметтік полиция көлігі, 175 жеке автокөлік, 80-ге жуық әкімшілік және коммерциялық ғимарат зақымданған.

Ішкі істер министрлігі тәртіпсіздікке қатысқандардың 70%-ы кәмелеттік жасқа толмағандар екенін, ал кей жағдайда олардың үлесі 100%-ға жеткенін мәлімдеді. Прокуратураның қаулысымен кәмелетке толмағандар процессуалдық қадағалауға алынса, ересектерге қатысты қамауға алу шарасы тағайындалды. Барлығы 400-ден астам адам ұсталды.

Наразылық шаралары елдің ең ірі қалаларында, соның ішінде Рабат, Касабланка, Танжер, Марракеш және Агадирде өтіп жатыр. Жастар көліктерді өртеп, банктерге, дүкендерге, үкіметтік ғимараттарға шабуыл жасап, полиция бекеттерін қиратты.

Наразылық толқынын TikTok, Instagram және Discord сияқты әлеуметтік медиа платформаларында пайда болған «GenZ 212» деп аталатын анонимді жастар тобы ұйымдастырды. Белсенділердің айтуынша, олардың талабы денсаулық сақтау мен білім беру саласындағы реформаларға, сондай-ақ жемқорлықпен күреске қатысты.

— Бізде стадиондар бар, ауруханалар қайда? — дейді демонстранттар 2026 жылғы Африка кубогы мен 2030 жылғы әлем чемпионатына дайындыққа миллиардтаған қаражат салатын билікке наразылық білдіріп.

ІІМ наразылық білдіру құқығы заң аясында сақталатынын, алайда құқықтық тәртіп күштері «азаматтар мен инфрақұрылым объектілерінің қауіпсіздігіне төнетін қатерге жол бермейтінін» атап өтті.

Сарапшылардың пікірінше, наразылыққа денсаулық сақтау жүйесінің әлсіздігі, жастар арасындағы жұмыссыздық (ресми деректер бойынша 35%-ға дейін), әлеуметтік теңсіздік және әлеуметтік қызметтерге инвестиция салудың орнына спорттық жобаларға қаржы жұмсауға көңілі толмау сияқты факторлар әсер еткен.

Тәртіпсіздіктің ең күшті эпизодтары Сусс-Масса аймағының орталық қаласы Агадирде және оның маңындағы аудандарда тіркелді.

Discord инстаграм Марокко тикток шеру

Оқылып жатыр

Үлкен ауылы Қазақстанда екінші АЭС салу жобасын қолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев «Мейірім» орденін тағайындады

Алматыда сот Қожамжаровтар отбасының мүлкін бұғаттады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Үлкен ауылы Қазақстанда екінші АЭС салу жобасын қолдады

Басты тақырып 5 декабря, 2025

Астана. 5 желтоқсан. BM.KZ — Тыңдау қорытындысы Алматы облысы мәслихатының қарауына жіберіледі, деп хабарлайды Атом…

Қасым-Жомарт Тоқаев «Мейірім» орденін тағайындады

5 декабря, 2025

Алматыда сот Қожамжаровтар отбасының мүлкін бұғаттады

5 декабря, 2025

22 жастағы шымкенттік ару Miss Qazaqstan 2025 атанды

5 декабря, 2025

Алматыда 370 млн теңгені иемденіп алған сот орындаушысы сотталды

5 декабря, 2025

Мерц АҚШ-қа Ресей активтерін беруге қарсы шықты

5 декабря, 2025

46 жалған диплом: дипломдар енді тек QR-код пен бірегей нөмір арқылы тексеріледі

5 декабря, 2025

Мэттью Перридің өлімі: актердің дәрігері 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды

5 декабря, 2025

Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында мыңнан аса жарылғыш затты жойды

5 декабря, 2025

Шымкенттік дәрігерлер салмағы 700 грамм нәрестені аман алып қалды

5 декабря, 2025

БҚО-да кішкентай қызды зорлаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

5 декабря, 2025

Ақмолада үш күн бұрын жоғалған азаматтың денесі өзен жағасынан табылды

5 декабря, 2025

Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс Даңқ залына енді

5 декабря, 2025

26 жастағы әйелді өлтірген 11 сынып оқушысы сотталды

4 декабря, 2025

Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғау тетіктері күшейтілді

4 декабря, 2025

Алматыда жер сілкінді

4 декабря, 2025

Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейді

4 декабря, 2025

Жезқазғанның су инфрақұрылымын жаңғыртуға 1,8 млрд теңге бөлінді — Үкімет

4 декабря, 2025

ШҚО-да мас күйде көлік жүргізбеуге шақыратын ескерткіш орнатылды

4 декабря, 2025

Ақтөбеде авиазауыттың экс-басшысы 110 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

4 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.