• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Мектептер мен колледждерге антибуллинг бағдарламасы түгел енгізіледі

Мектептер мен колледждерге антибуллинг бағдарламасы түгел енгізіледі

8 августа, 2025 Ғылым
Фото: aikyn.kz

Астана. 8 тамыз. BM.KZ – Жаңа оқу жылынан бастап Қазақстанда алғаш рет барлық мектеп пен колледжде балалар мен жасөспірімдер арасындағы буллинг оқиғаларын азайтуға, білім беру ұйымдарында қауіпсіз, қолдаушы және өзара құрметке негізделген орта қалыптастыруға бағытталған отандық «ДосболLIKE» профилактикалық бағдарламасы енгізіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді.

Бағдарлама балалардың әл-ауқаты индексінің қағидаттары мен халықаралық және отандық нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әзірленген және буллингке қарсы күрестегі үздік халықаралық тәжірибелерге сүйенеді.

Бағдарламаның апробациясы еліміздің 9 өңіріндегі 50 мектепте жүргізіліп, буллингтің алдын алу жүйелері құрылды. Апробация нәтижесінде ең тиімді тәжірибелер Астана, Алматы қалалары мен Абай, Жамбыл облыстарының мектептерінде байқалды.

Аталған мектептерде шағым → талдау → көмек жоспары → қадағалау үлгісі сәтті қолданылды. Бұл процесте арнайы антибуллингтік топтар мен кейінгі бақылау шаралары іске қосылды.

«Біз «ДосболLIKE» бағдарламасын буллингтің алдын алудағы тұрақты құрал ретінде қарастырамыз. Апробация нәтижелері көрсеткендей, мұғалімдер, ата-аналар мен балалардың бірлескен қатысу жанжалдасу деңгейін төмендетіп, сенім мен сыйластық мәдениетін қалыптастырады және мектеп ортасын анағұрлым қауіпсіз әрі қолайлы етеді», – дейді Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Бағдарлама аясында мамандарды ауқымды даярлау көзделген. Қазірдің өзінде 2,5 мыңнан астам педагог, психолог және білім беру жүйесінің қызметкерлері оқытылды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 8 мыңнан астам маманға жеткізу жоспарланып отыр.

буллинг колледж мектеп оқу жылы

Оқылып жатыр

Ұлттық ресурстардан түскен табысын 200 мыңнан аса бала пайдаланған

Трамп АҚШ-тың Ішкі кірістер қызметі мен Қаржы министрлігін сотқа берді

Елімізде балалардың қауіпсіздігі жасанды интеллектпен бақыланбақ

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024840 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024436 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024328 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Теңіз кен орнында мұнай өндіру қайта жанданды

Басты тақырып 31 января, 2026

Астана. 31 қаңтар. BM.KZ — Энергетика министрлігі Теңіз кен орнында өндірістік операциялардың қайта басталғанын хабарлады. Жедел…

Ұлттық ресурстардан түскен табысын 200 мыңнан аса бала пайдаланған

31 января, 2026

Трамп АҚШ-тың Ішкі кірістер қызметі мен Қаржы министрлігін сотқа берді

31 января, 2026

Елімізде балалардың қауіпсіздігі жасанды интеллектпен бақыланбақ

31 января, 2026

Жаңа Конституция жобасы жарияланды

31 января, 2026

«Богатыр Көмір» жұмысшысы өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан көз жұмды

30 января, 2026

ҰБТ-да балл сатқан ақтөбелік мұғалім сотталды

30 января, 2026

Қазақстанда волонтерлердің цифрлық төлқұжаты жасалады

30 января, 2026

Жаңаөзенде жеті баланың анасын күйеуі пышақтап өлтірген

30 января, 2026

Өскеменде ауа сапасының нашарлауы салдарынан оқушылар қашықтан оқытуға көшірілді

30 января, 2026

ШҚО-да басқарма басшысы 134 млн теңге пара алғаны үшін тұтқындалды

30 января, 2026

Шымкенттегі түнгі клубтардың бірінде тыйым салынған «күлкі газын» сатып келген

30 января, 2026

Жұма күні елдегі қай жолдар жабық

30 января, 2026

Australian Open: Заңғар Нұрланұлы алғаш рет жартылай финалға шықты

30 января, 2026

Ипотеканы зейнетақы жинағымен өтеу тәртібі 31 қаңтардан бастап өзгереді

29 января, 2026

Анна Данилина жұптық сында финалға жолдама алды — Australian Open

29 января, 2026

Астанада жол апатынан екі адам көз жұмды – қылмыстық іс қозғалды

29 января, 2026

Жаңаөзенде ер адам дәрігерді пышақтап өлтірді

29 января, 2026

Қандай мамандық иелері ең жоғары жалақыны алады

29 января, 2026

Шымкентте әйел адам пышақ жарақатынан мерт болды

29 января, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.