Астана. 28 тамыз. BM.KZ — Қайсар Қамза өзінің телеграм-арнасында заңсыз ойындарды үнемі насихаттап, жалған жеңімпаздардың видеоларын жариялап келеді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агпенттігі мәлімдеді.
Жалпы, жыл басынан бері агенттік 34 блогердің онлайн-ойындарды жарнамалауға қатысы барын анықтаған. Олардың 11-і әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 23 контент жасаушыға қатысты материал Мәдениет министрлігіне шара қабылдау үшін жолданған. Көпшілігі заңды бір рет емес, жүйелі түрде бұзады.
Мәселен, хип-хоп орындаушы «Baller» (шын аты – Шыңғысхан Көпбаев) жыл басынан бері аталған бап бойынша бес рет жауапқа тартылған.
Ал Нұрғазы Тоқтаров («Nakonay Qarapaiym») әлеуметтік желілерінде азаматтарды заңсыз ойындарға тарту мақсатында агрессивті науқан жүргізіп, жарнама үшін 15,8 млн теңге алып, оның жартысына жуығын сол платформалардың өзінде ойнап ұтылып қалған.
