• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » «Нұр-Сұлтан» Астанадағы ауа райын бақылауды жалғастырып келеді

«Нұр-Сұлтан» Астанадағы ауа райын бақылауды жалғастырып келеді

14 ноября, 2025 Басты тақырып
Астананың ең көне метеостанциясы – «Нұр-Сұлтан» Фото: Рамазан Сергазиев

Астана. 14 қараша. BM.KZ – 1893 жылы Астанада абсолютті ең төмен температура тіркелген – минус 51,6 градус.

«Астана жақсы ма, әлде Алматы ма?» деген бітпейтін сұрақ биылғы күзде қазақтілді әлеуметтік желіде қайта қызды. Бұған себеп – қазан айының қалыптан тыс жылы және құрғақ өтуі. Фейсбук пен тредс қолданушыларының пікірі тоғысты. Олардың ойынша, енді Астананың климаты бұрынғыдай қаланың үлкен кемшілігі емес.

Зумерлер дәуірінде қарашада плюс температурасын көру – «базалық миниумға» айналды. Бір кездері климатологтар жиі айтатын «Астана – Улан-Батордан кейінгі әлемдегі ең суық екінші астана» деген тұжырым қазір өзектілігін жоғалтып жатыр. «Қазгидромет» мамандары BM.KZ тілшісіне соңғы он жылда Астанада тұрақты жылыну үрдісі байқалып отырғанын айтты.

«2023 жылы орташа жылдық температура +6,2 °C болды, ал 2024 жылы +4,9 °C-ты құрады. 2024 жылғы көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда төмен болғанымен, екі мән де 1961–1990 жылдардағы климат нормасынан жоғары. Бұл климаттың жылыну үрдісі жалғасып жатқанын көрсетеді», – деді «Қазгидромет» өкілдері.

Елордалық ең көне «Нұр-Сұлтан» метеостанциясы мамандарының айтуынша, Астанада қыстау жыл бұрынғыдан ыңғайлы бола түсті. Олардың сөзіне сенбеуге негіз жоқ: бұл жерде ауа райы үздіксіз 100 жылдан астам уақыт бойы бақыланып келеді. BM.KZ тілшісі метеостанцияға барып, ауа райы болжамының қайда және қалай жасалатынын көріп қайтты.

Ғимарат – жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші. 1916 жылы салынған нысан осы күнге дейін бастапқы қызметі бойынша жұмыс істейді.

Қызыл кірпішті қаптамасы ғасыр бұрын қандай болса, сол қалпында сақталған. Бір ғасыр ішінде ғимараттың шатыры мен ішкі құрылымы ғана өзгерген. Қазір мұнда мектеп оқушылары мен университет студенттеріне арналған экскурсиялар жиі өткізіледі.

Метеостанцияда тәулігіне сегіз рет ауа температурасы, ылғалдылық, атмосфералық қысым, бұлттылық, көріну қашықтығы, жел бағыты, жауын-шашын және топырақ бетінің температурасы сияқты негізгі көрсеткіштер өлшенеді. Қандай жағдай болмасын, станция тәулік бойы көпжылдық климаттық мәліметтерді жинауға және ауа райы болжамын жасау үшін дерек беріп отырады.

Станцияда кеңес заманынан қалған аспаптар да бар. Қазіргі автоматтандырылған станция (АМС) жұмыс істесе де, мамандар деректерді өткен ғасыр құрылғыларымен салыстырып отырады. Тәжірибе көрсеткендей, ескі аспаптар әлі пайдаға асып тұр.

«Қазгидромет» РМК архивтік фотосуреті

Анеморумбометр желдің бағыты мен жылдамдығын өлшейді.

БРС-1М барометрі ауа қысымын анықтайды.

«Бұл – ескі үлгі болғанымен, дәлдігі жоғары. Біз екі аспаптың көрсеткіштерін салыстырып отырамыз. Айырмашылық өте аз. Бұдан да ескі әрі көлемді нұсқалары болған», – дейді «Нұр-Сұлтан» метеостанциясының басшысы Айна Райымбекова.

Айна Райымбекова – тәжірибелі маман. Ол Ташкент қаласында «Метеорология» мамандығы бойынша білім алған. 2012 жылдан бері осы станцияда жұмыс істейді.

«Қазгидромет» РМК архивтік фотосуреті

АМС ауа температурасы, жел жылдамдығы, ылғалдылық, қысым, жауын-шашын және желдің екпіні туралы деректерді әр минут сайын жаңартып көрсетеді. Желдің ең жоғары жылдамдығы сағат сайын тіркеледі.

Құрылыс компаниялары – метеостанцияның тұрақты тұтынушылары. Олар дауылды ескертулерді жеке түрде алады. Қатты ыстық, аяз немесе екпінді жел туралы мәлімет алдымен құрылысшыларға жеткізіледі. Сол деректерге сүйеніп, олар жұмыстың қауіпті не қауіпсіз екенін бағалайды.

Қар өлшегіш сызғыштар қар төбелерінің биіктігін анықтайды

«Қазгидромет» РМК архивтік фотосуреті

Автоматты және дәстүрлі бағандар желдің бағыты мен жылдамдығын анықтайды

«Қазгидромет» РМК архивтік фотосуреті

Ауа температурасын өлшейтін психрометрлік қорапша.

Зумерлер: «2017 жылды қайтарыңдар» деп айқайға салса, синоптиктер «Тек 1893 жыл қайталанбаса екен» деп күбірлейді. Өйткені, сол жылы қаңтарда Астанада абсолютті ең төмен температура тіркелген – минус 51,6 градус. Бұрын қыс түгілі жаз мезгілі де суық болған. 1936 жылы шілдеде ауа температурасы 2,3 градусты көрсеткен.

«Қазгидромет» РМК архивтік фотосуреті

Жер беті термометрлері топырақ бетінің температурасын көрсетеді, ал қыста қар бетінің температурасын өлшейді.

Тереңдік термометрлері ауыл шаруашылығы үшін маңызды мәлімет береді. Олар 20, 40, 80 см және 1,6 м тереңдікте орналасқан. Мерзлотомер топырақтың қату деңгейін көрсетеді. Аграрлық сала өкілдері бұл мәліметтерді көктем, жаз және күзде жиі сұратады. Қыс кезінде топырақ температурасы тәулігіне бір рет өлшенеді.

«Қазгидромет» РМК архивтік фотосуреті

Жауын-шашын мөлшерін анықтайтын негізгі құрал – жауын өлшегіш шелек. Көрсеткіштер күн сайын таңертең 9:00-де және кешкі 20:00-де тіркеледі.

Тарихи жазбаларда жауын-шашын мүлдем болмаған айлар да кездеседі: 1902 жылдың наурызы және 1963 жылдың сәуірі. Тіпті 1932 жылы қатарынан екі ай – қаңтар және ақпанда – ешқандай жауын-шашын болмаған ерекше жағдай тіркелген.

«Қазгидромет» РМК архивтік фотосуреті

Ауаның ластануын өлшеу үшін орнатылған торлы мата әр бес күн сайын ауыстырылып, Алматыдағы экологтарға жіберіледі. Олар жауын-шашын құрамын және ауадағы шаң бөлшектерін зерттейді.

Көктайғақ өлшегіш құрал. Аты айтып тұрғандай, көктайғақ деңгейін өлшейді. Көбіне қыста белсенді пайдаланылады.

Темірлан Құсбаев
Фото: Рамазан Сергазиев
BM.KZ

астана жауын-шашын Қазгидромет метеостанция фотосурет

Оқылып жатыр

Қазақстанда бүгін қай жолдар жабық

Бағалар күрт өсті, халық наразы: Қазақстан экономикасында не болып жатыр?

Өңірлер әлеуметтік маңызы бар көкөністер мен жүгері егісін ұлғайтады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024839 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024436 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024328 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Қазақстанда бүгін қай жолдар жабық

Басты тақырып 28 января, 2026

Астана. 28 қаңтар. BM.KZ – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады. 2026…

Рыбакина жартылай финалға өтті — Australian Open

28 января, 2026

Жамбыл облысында мерзімді әскери қызметтегі сарбаз көз жұмды

28 января, 2026

Алматы әуежайында 6,8 млрд теңге көлемінде дивидендтер заңсыз төленген

27 января, 2026

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды

27 января, 2026

Қазақстандық ұшақтар Иранды айналып ұшатын болады

27 января, 2026

Светлана Жақыпова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды

27 января, 2026

Бағалар күрт өсті, халық наразы: Қазақстан экономикасында не болып жатыр?

27 января, 2026

Олжас Бектенов Kazakh Tourism басшысына: Нәтиже болмаса, қоштасамыз

27 января, 2026

Қарашығанақ операторлары Қазақстанға 4 млрд доллар өтемақы төлеуі мүмкін

27 января, 2026

Өңірлер әлеуметтік маңызы бар көкөністер мен жүгері егісін ұлғайтады

27 января, 2026

Оралда 16 жастағы жасөспірім алты күннен бері іздестіріліп жатыр

27 января, 2026

Геннадий Головкин Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті

27 января, 2026

Семейде ер адам полицейлердің екі көлігін өртеп жіберген

27 января, 2026

Үндістанның ірі әуе компаниясы Алматыға рейстерін тоқтатты

27 января, 2026

Мемлекет басшысы: тәртіпсіздік пен заңсыздыққа жол беруге болмайды

26 января, 2026

Қазақстанда Нипах вирусына байланысты санитарлық бақылау күшейді

26 января, 2026

Алматыда дәрігерлер жүкті әйелдің жүрегіне ота жасады

26 января, 2026

Атырауда күкіртсутек мөлшері рұқсат етілген деңгейден 36 есе асып кетті

26 января, 2026

Жарқанаттар, жанаттар, жыландар: 2025 жылы тағы қандай жануарлар құтқарылды

26 января, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.