Бүгін облыс орталығында 1967 жылғы ер адам төртінші қалалық аурухананың алтыншы қабатынан секіріп кеткен.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, науқас психомоторлы қозу кезінде болған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ер адам алған жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды.
— 1967 жылы туған науқас тыныс алу жолдарының ауруымен реанимация бөліміне түскен. Оған хаттамаға сәйкес ем-дом жүргізілді, — деп хабарлады ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Медициналық мекеме басшылығы қызметтік тергеу жүргізіп, аурухана қызметкерлері тарапынан ешқандай құқық бұзушылық анықталмағанын атап өтті. Емделушілермен және медицина қызметкерлерімен психолог жұмыс істейтін болады.
— Қазір тиісті тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Іс басшылықтың тікелей бақылауында, — деді ШҚО ПД баспасөз қызметі.