Астана. 18 қыркүйек. BM.KZ — Министрлік таратқан хабарламаға қарағанда, 2025 жылғы 17 қыркүйекте Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген сарбаз өз-өзіне қол жұмсаған.
«Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Құрлық әскерлері бас қолбасшысының тапсырмасымен оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия жіберілді. Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі», – деп жазылған ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.
Айта кетейік, бұның алдында 01098 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі сарбазы Дінмұхамед Шынарбектің қаза тапқаны жайлы жазған едік. Әпкесі Еңлік Қалтаева суицид дегенге сенбей, президентке үндеу жасап, жағдайды өз бақылауына алуын сұраған.
