➤ Майбалық көлі мен Вячеслав су қоймасының жағдайын бақылады.
➤ Астаналық контрреттегіште судың ағуы қазір секундына 30 текше метрді құрайтыны баяндалды.
➤ Контрреттегішке келіп жатқан ағын секундына 248 текше метрді құрайды.
➤ Бүгінгі таңда контрреттегіштің су ағызу қабілетін секундына 40 текше метрге дейін арттыру жоспарланды.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің айтуынша, ахуал тұрақты, Астана қаласын су басу қаупі жоқ.
➤ Суды ағызу секундына 400 текше метр деңгейінде жүзеге асырылады, су қоймасының көлемі 409 млн текше метрді құрайды.
➤ Преображенский торабында шарықтау шегіне жетті, Нұра өзені арқылы торапқа құятын су ағыны азайып келеді: қазіргі уақытта секундына 1400 текше метр өтуде.
➤ Тайтөбе ауылында су тасқынынан негізгі қорғаныс қызметін атқарған үйінділерді нығайту жұмыстары аяқталуда.
➤ Биыл қолданыстағы 2400 метрлік бөгетке ұзындығы 1200 метр, биіктігі 2,5 метр болатын жаңа бөгет тұрғызылды.