Астана. 6 қыркүйек. BM.KZ — Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қ.П. Қожамжаровқа бірнеше айып тағылып отыр. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.
Хабарламаға қарағанда, оған қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану, сондай-ақ, ол басшылық лауазымдарда болған әр түрлі кезеңде қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру деректері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
Барлық қылмыстық іс бойынша арнайы прокурорлардың жетекшілігімен жедел-тергеу топтары құрылған.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
