Астана. 19 қыркүйек. BM.KZ – Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде сырт алаңда Португалияның «Спортинг» командасымен кездесті, деп хабарлайды Sports.kz.
Алғашқы тайм толықтай алаң иелерінің басымдығымен өтті. Олар бірнеше қауіпті сәт ұйымдастырды, ал 24-минутта Шерхан Қалмырза Мортен Юльманның пенальтиін қайтарып, қақпасын аман сақтап қалды. Дегенмен, үзіліске санаулы минуттар қалғанда Франсишку Тринкан (44-минут) алыстан соққы жасап, есеп ашты.
Екінші таймның басында алматылықтарда гол соғатын бірнеше мүмкіндік болды. Еркін Тапалов пен Дастан Сәтбаев есепті теңестіре алатын еді.
Қазақстан чемпионы есепті теңестіруге тырысқанымен, мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмады. Жоржиньо қақпашымен жеке шыққан сәтінде тамаша мүмкіндікті мүлт жіберді. Керісінше, қонақтар жауап ретінде қарсыластың айып алаңына еніп, Тринкан (64-минут) әдемі соққымен дубль авторы атанды. Артынша Алиссон Сантос (66-минут) қатты соққымен есепті ұлғайтты, Джовани Кенда (68-минут) қорғанысты қапы қалдырып, төртінші голды соқты, ал соңғы нүктені Эдмилсон (86-минут) қойды – 4:1.
Енді «Қайрат» 30 қыркүйекте өз алаңында мадридтік «Реалды» қабылдайды.
