Астана. 31 қазан. BM.KZ — «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді, деп хабарлайды KASE.
– «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (KASE – BTRK тикері) жалғыз акционерінің 2025 жылдың 14 қазанындағы шешімімен Қ.Б.Шарлапаев қоғамның Директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды, — делінген хабарламада.
Енгізілген өзгерісті ескере отырып, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесі тоғыз адамнан тұрады.
Бұған дейін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл – ауқат қоры» АҚ жалғыз акционерінің 2025 жылдың 25 қыркүйегіндегі шешімімен Қанат Шарлапаев қоғамның Директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды.
Айта кетейік, Президент Шарлапаев пен Дүйсенованы көмекші қызметінен босатқанын жазған болатынбыз.
