Астана. 29 қыркүйек. BM.KZ – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды KАSE.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ жалғыз акционерінің (KASE тикері – SKKZ) 2025 жылдың 25 қыркүйегіндегі шешімімен К.Б. Шарлапаев қоғамның Директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды, делінген KASE жариялаған құжатта.
«Самұрық-Қазына» қорының директорлар кеңесіне Олжас Бектенов, Вонг Хэн Файн, Нұрлан Жақупов, Болат Жамишев, Лука Сутера және Мохаммед Джамиль Аль Рамахи кіреді.
