Астана. 11 ақпан. BM.KZ — Катонқарағай ұлттық паркінде фототұзаққа қар барысы — ілбіс үш күшігімен бірге түсіп қалды.
Бұл өте ерекше жағдай, өйткені ілбіс күшіктері анасының жанында шамамен екі жыл болады. Осы уақытта олар аң аулауды, қауіптен сақтануды үйренеді.
Мұндай кадрлар ұлттық парк аумағында сирек түрлердің өсіп-өнуіне қолайлы жағдай сақталып отырғанын көрсетеді.
