Астана. 1 қазан. BM.KZ – Қарағанды облысында полиция бекеттерінің бірінде әйел адамның мәйіті мен ес-түссіз жатқан полиция қызметкері табылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті хабарлады.
Ресми мәліметке сәйкес, азаматшаның денесі табылған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның мән-жайы мен әйелдің өлім себебі анықталып жатыр.
Оқиға орнында ес-түссіз жатқан полицей дереу медициналық мекемеге жеткізілген.
– Аталған жағдайды жан-жақты әрі объективті тексеру үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, қызметтік тергеу тағайындалды. Барлық іс-әрекет мұқият зерттеліп, кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады, – дейді Полиция департаменті.
