Астана. 11 тамыз. /Нұргүл Ерғалиқызы/ BM.KZ – Қарағанды облысында 11 тамыз күні түнгі уақытта «Астана – Қарағанды – Алматы» тас жолының бойында ірі жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан, 3 адам қаза тапты. Ал, алты адам түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізліген. Бұл туралы «ҚазАавтоЖол» ҰК мәлімдеді.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, «Toyota Alphard» маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, салдарынан көлік аударылып кеткен.
Мамандар, жол қозғалысына қатысушыларға жол жүру ережелерін, әсіресе жылдамдық режимін қатаң сақтауды ескертеді. Сондай-ақ, жолға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын мұқият тексеруді сұрайды.
