Астана. 29 желтоқсан. BM.KZ – 2019 жылдан бері Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары болған Мария Хаджиева қызметінен босатылды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
— Мемлекет басшысының өкімімен Мария Жамаловна Хаджиева Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.
