• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Қазақстан геологиясын жаңғыртатын хаб іске қосылды

Қазақстан геологиясын жаңғыртатын хаб іске қосылды

24 ноября, 2025 Жаңалықтар
Фото: «Қазақмыс» корпорациясы

Астана. 24 қараша. BM.KZ — Жезқазғанда әлемдік деңгейдегі алғашқы геологиялық кластер ашылып, барлау саласының білім, ғылым және өндірісін бір алаңға біріктірді. Жоба Қазақстан геологиясын цифрландыруға және халықаралық стандартқа жақындатуға бағытталған.

Жезқазғанда халықаралық талаптарға сай алғашқы Геологиялық кластер ресми түрде жұмысын бастады. Бұл – геологиялық барлаудың негізгі үдерістерін бір жерде шоғырландырып, талдауды жедел жүргізуге мүмкіндік беретін әлемдегі санаулы орталықтардың бірі. Мұндағы заманауи техникалық жабдық әлемде небары жеті жерде ғана қолданылады, ал жоба Орталық Азиядағы ең ірі және алғашқы геокластер мәртебесіне ие.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев геологияны ұлттық экономиканың өсуін қамтамасыз ететін стратегиялық сала ретінде бірнеше рет атап өткен. Мемлекет басшысы кен өндіру секторын басқару жүйесін жаңғыртуды және еліміздің геологиялық-геофизикалық зерттелуін арттыруды тапсырған. Жезқазғандағы жаңа геокластер осы бағыттағы басымдықтарды жүзеге асырып, барлау ісін жаңғыртудың практикалық базасын нығайтады.

Қазақстанда бұған дейін болмаған мұндай ауқымды жобаның артықшылығы – зертханалық кешен мен оқу орталығының бір алаңда орналасуы. Бұл геологиялық ақпаратты жедел жинап, барлау кезінде дереу шешім қабылдауға мүмкіндік береді. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС геокластерге шамамен 11 млрд теңге көлемінде инвестиция құйып, құрылысты Tansu Construction компаниясы жүзеге асырды. Алаңда 200-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды, ал басқару «Kazakhmys Barlau» ЖШС-ға жүктелді.

Кластер құрамында еліміздегі ең үлкен керн сақтау қоймасы бар. Оның 200 мың қума метрге дейінгі сыйымдылығы бастапқы геологиялық деректердің ұлттық мұрағатын құруға және барлау жұмыстарының тәуекелін азайтуға жағдай жасайды. Ал зертханалық блок ALS компаниясымен бірлесіп жасалып, геохимиялық талдаулардың халықаралық стандартқа толық сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Геокластерде ұңғымалық кернді автоматты сканерлейтін немістің Ancorelog жүйесі және LithoLens жасанды интеллект платформасы қолданылып, талдау жылдамдығын бір ауысымда 60-тен 240 метрге дейін арттырады. Мұндай кешенді технологиялар кен орындарын болжау модельдерін жедел құруға және алынатын деректердің сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.

«Біз Қазақстан геологиясын дәлірек әрі технологиялық тұрғыдан озық деңгейге көтеретін инфрақұрылым ашып отырмыз. Бастапқы деректерді сақтау, зертханалық талдау, цифрлық өңдеу және мамандарды оқыту – бәрі бір жерде. Бұл – минералдық-шикізат базасын тұрақты дамытуға қызмет ететін жаңа сапалы кезең», – деді «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев.

Ашылу рәсіміне Мәжіліс депутаттары да қатысты. Экология және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин елімізде геологиялық кластерлерді дамытуға қажетті заңнамалық база қалыптасып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, қабылданып жатқан өзгерістер ұлттық экономиканы ілгерілетуге және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске өзгерістер енгізіліп жатыр. Осы аптада Мәжіліс тиісті заңды екінші оқылымда қабылдап, Сенатқа жіберді. Негізгі мақсат – индустриялық сектордың инвестициялық тартымдылығын арттыру және отандық геологияны жандандыру.

Жаңартылған нормалар қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімдердегі инвестиция көлемін кеңейтеді. Сонымен бірге, қол қою бонусының кемінде 50 пайызы жер қойнауы қорының жай-күйін зерттеуге бағытталмақ. Инвесторлар үшін орталықтандырылған бірыңғай платформа жасақталып, барлық қажетті рәсім сол арқылы жүргізіледі.

«Жаңа нормалар инвесторларға жағдай жасап, ашықтық пен бәсекелестікті арттырады. Бұл Жезқазғандағы геологиялық кластер тәрізді жобалардың дамуына елеулі серпін береді. Тұтастай алғанда, осы өзгерістер ел экономикасын нығайтуға және халықтың тұрмысын жақсартуға ықпал етеді», – деді Еділ Жаңбыршин.

Кластер базасында Colorado School of Mines-пен бірлескен геофизикалық зертхана да іске қосылды. Ол әлемдік өндірушілердің ең озық құрал-жабдығымен жабдықталып, техникалық қызмет көрсетуді «Qazaq Geophysics» мамандары жүзеге асырады. Зертхана геофизика, аспап жасау және робототехника бағытында білікті кадрлар даярлауға мүмкіндік береді.

Диспетчерлік орталық «Kazakhmys Barlau» ЖШС барлау процесін нақты уақыт режимінде бақылап, көлік пен бұрғылау қондырғыларынан бастап аналитикалық көрсеткіштерге дейінгі барлық жұмысты үйлестіреді. Сонымен бірге, кластердегі оқу-әдістемелік блок мамандарды даярлау және қайта даярлауға арналған. Ол болашақ Ұлытау университетінің бағдарламаларымен біріктіріліп, түлектерге бірден үш диплом – Colorado School of Mines филиалының, Satbayev University және университеттің өз дипломын алуға мүмкіндік береді. Кластер аумағында мұражай да ашылған.

Жаңа геокластер Жезқазғанның ғылыми-техникалық әлеуетін күшейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға, өңірдің өндірістік мүмкіндігін арттыруға, ал Қазақстан геологиясын халықаралық деңгейге шығаруға жол ашады.

геология Жезқазған Ұлытау

Оқылып жатыр

Шығыс Қазақстан тұрғындарын кене шаға бастады

NBC TV қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

Мемлекет басшысы ҚР Үкіметі мен ХҚДБ арасындағы келісімге қатысты құжатқа қол қойды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024846 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024472 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024438 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Шығыс Қазақстан тұрғындарын кене шаға бастады

Жаңалықтар 7 апреля, 2026

Астана. 7 сәуір. BM.KZ — Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында 4 адамды кене шақты, деп…

NBC TV қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

7 апреля, 2026

Мемлекет басшысы ҚР Үкіметі мен ХҚДБ арасындағы келісімге қатысты құжатқа қол қойды

7 апреля, 2026

Шарын табиғи паркінде Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсті

7 апреля, 2026

LRT сынағы барлық 19 құраммен жүргізіле бастады

7 апреля, 2026

Атырауда қоқыс полигоны өртке оранды

7 апреля, 2026

Катонқарағай елдегі ең экологиялық таза қалаға айналады

7 апреля, 2026

Алматыдағы жол апатына кінәлі жүргізуші тергеу изоляторына қамалды

7 апреля, 2026

Әсері күшті дәрілерді заңсыз сату бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды

7 апреля, 2026

Қазақстанда жол-құрылыс маусымы басталды

7 апреля, 2026

Artemis II экипажы Жерден ең алыс қашықтыққа ұшу рекордын жаңартты

7 апреля, 2026

Алматыда 13 жасар қызды әкесінің досы зорлаған: балалар омбудсмені не дейді

26 февраля, 2026

Астана әуежайындағы ұшу-қону жолағы жабылады: Air Astana рейстеріне өзгеріс енгізіледі

26 февраля, 2026

Алматыда 8 келі метамфетамин тәркіленіп, күдікті қамауға алынды

26 февраля, 2026

Алматыдағы даулы оқиғадан кейін курьерлерге қойылатын талап күшейеді

26 февраля, 2026

Бүгін республика жолдарындағы ахуал қандай

26 февраля, 2026

Куба жағалауында атыс болды: қаза тапқандар мен жараланғандар бар

26 февраля, 2026

Астанада оқушылар онлайн оқитын болады

26 февраля, 2026

–40 градусқа дейін аяз: Қазақстанда күн күрт суытады

26 февраля, 2026

Атырауда трансгендерлерге қатысты резонанс тудырған оқиға: мән-жайы айтылды

25 февраля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.