. Бүгін Астанада Кипр Сыртқы істер министрінің Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімге қол қою рәсімі өтті. Келісімге Қазақстанның Бас Прокуроры Берік Асылов пен Кипрдің Сыртқы істер министрі Константинос Комбос қол қойды. Бұл халықаралық құжат қазақстандық азаматтарға Кипрде жасаған қылмыстары үшін бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда тағайындалған жазаларын өз елімізде өтеуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде сотталғандарды олардың азаматтық қатыстылығы қоғамында оңалту және ықпалдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Кипрдің азаматтары да Қазақстанда сотталған жағдайда осындай мүмкіндікке ие болады. Мұндай түрдегі халықаралық келісімдерді жасасу Қазақстан Конституциясының 11-бабының талаптарымен көзделген, оған сәйкес мемлекет өзінің одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепілдік береді. Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың қазан айында Қазақстан Кипр тарапымен қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы және адамдарды ұстап беру туралы шарттар жасасқан болатын. Кипр Қазақстанда қылмысқа қарсы күрес, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық үшін барлық қажетті халықаралық-құқықтық негіз қалыптасқан кезекті еуропалық елі болғанын атап өткен жөн.
Трендте
- Қазақстан 2025 жылы саяхаттауға тиіс үздік елдердің тізіміне енді
- Енді таксилерге тағы бір міндет жүктелмек
- Қазақстан халқының орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жастан асты
- Қазақстандағы ең ұзын көпір ашылды
- Қостанай атауының өзгерді ме?
- Солтүстік Корея жауынгерлері Украинамен соғысуға аттанып жатқаны рас па?
- Талғарда күдікті изолятордан қашып кетті
- Қорғаныс министрлігі грантқа ие болған сарбаздардың тізімін жариялады