• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Қазақстан мұнай-газ химиясын дамытуға шикізат таба алмай жатыр

Қазақстан мұнай-газ химиясын дамытуға шикізат таба алмай жатыр

12 ноября, 2024 Жаңалықтар

Энергетика министрлігі дабыл қағып жатыр: бұрынғы Индустрияландырудың бесжылдықтары кезінде мұнай-газ химиясы саласында аса қымбат бірнеше жоба жүзеге асырылып, газ өңдейтін зауыт-кәсіпорындар іске қосылды. Алайда олар шикізаттың жоқтығы кесірінен, толыққанды жүктеле алмай отырған көрінеді.

Бұған ведомство көгілдір отынды көп тұтынады деп халықты айыптады.

«Қазіргі уақытта елдегі мұнай мен газды өңдеу тізбегі негізінен мұнай өнімдері мен газға деген халықтың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған», – деп хабарлады министрлік.

Қолданыстағы «Газ және газбен жабдықтау туралы» заңына сәйкес, жер қойнауын пайдаланушылардың шығарған шикі газын, сондай-ақ олар өңдеу процесінде өндірген тауарлық газын сатып алуда Қазақстан артықшылық құқыққа ие.

Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар ол шикізатын мемлекетке мейлінше арзанға сатады: көгілдір отын құнына тек оны өндіруге, тасымалдауға, қайта өңдеуге кеткен шығыстарын – плюс 10%-дан аспайтын мөлшердегі рентабельділік үстемеақысын ғана қосады.

«Бірақ осы арзан тауарлық газ бен шикі газдың басым бөлігі Қазақстанның өзінің тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларына жеткізіледі. Халықты газбен қамту мақсатында мемлекет ішкі нарықта тауарлық газды өткізудің шекті бағаларын, сондай-ақ жеткізу жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын (автогазды) көтерме және бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын белгіледі», – деп түсіндірді Энергетика министрлігі.

Ведомство бюджеттің мол табыстан қағылып отырғанын айтады.

«Салдарынан, жер қойнауын пайдаланушылар беретін газ көлемі халықтың әлеуметтік мұқтаждығын өтеуге бағытталады. Соның әсерінен мұнай-газ химиясы (МГХ) өнеркәсібін дамыту мүмкіндігі шектеледі. Ал, бұл сала күрделі және қымбат өнімдер шығарады. Тиісінше, әлемдік нарықтарға экспорттау арқылы мемлекетке қосымша мол пайда әкеле алатын еді», – делінген министрліктің реттеушілік саясаттың консультативтік құжатында.

Бұл жерде Қазақстанда өндірілетін газдың бәрін халық «жеп» қояды деу әділдікке қайшы. Энергетика министрлігінің 2024 жылғы шілдедегі дерегінше, республикада өндірілген 29,8 миллиард текше метр тауарлық газдың тек 65%-дан астамын халық тұтынған. Қалғаны экспортталады.

Ұзын сөздің қысқасы: Энергетика ведомствосы өнімі қымбат, кірісі ұланғайыр мұнай-газ химиясы (МГХ) өнеркәсібін өркендетуге білек сыбана кіріспек. Оған қажетті шикізат халық тұтынысын кеміту есебінен алынуы мүмкін.

Халықаралық энергетикалық агенттіктің мәліметінше, МГХ өнімдерінің әлемдік өндірісі жылына орта есеппен 3-4%-дық қарқынмен тұрақты өседі. 2023 жылы МГХ жаһандық нарығының көлемі 590 миллиард доллардан асты және 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 780 миллиард доллардан асып жығылады деп болжануда.

Оны өндіру үшін қажетті инфрақұрылымы бар, бірақ шикізаты шектеулі Қазақстан осы ұшантеңіз табыстан өз үлесін қарпып қалудан үмітті.

Еуразиялық даму банкінің статистикалық дерегінше, әзірге Қазақстан мұнай-газ өндіруші ел бола отырып, мысалы, одан алынатын полимерлер өндірісінің әлемдік көлемінің небәрі 0,1% үлесіне ие.

Энергетика министрлігі мемлекеттік қолдауды арттыру, МГХ өндірушілерін ынталандыру арқылы саланы ілгерілетуге ниетті.

Осы мақсатта ведомство «Мұнай-газ химиясы өнеркәсібі туралы» жеке салалық заңының жобасын және «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасын әзірледі.

Бірақ одан қомақты қайыр бола қоймауы мүмкін. Министрлік сарапшылары мұнай-газ химиясы кәсіпорындары үшін шикізаттың қажетті көлемі жоқтығын нықтады.

Өйткені «Теңіз», «Қашаған», «Қарашығанақ» сияқты әлемдік супергигант саналатын еліміздің басты үш кен орны бойынша инвесторлармен Қазақстан келісім бекіткенде, ол келісімнің болашақта қайта қаралмайтыны туралы қатал міндеттеме алыпты.

Салдарынан, ол келісімдерге қол қойылған тұстағы солқылдақ заңнама талаптары ғана қолданылады, салығы да оңтайландырылған. Оларға кейін жетілдірілген заңнама талаптары қолданылмайды.

Министрліктің мәліметінше, 2023 жыл қорытындысында Қазақстанда көмірсутектер бойынша 317 келісімшарт-контракт қолданыста болды.

«Олардың көпшілігі заңнаманың тұрақтылығын кепілдендіретін шарттармен бекітілген. Мұндай келісімшарттарда олар күшіне енген күннен кейін қабылданған және жер қойнауын пайдаланушының жағдайын нашарлататын кез келген заңнамалық өзгерістер мен толықтырулар «қолданылмайды» деп көзделген. Бұл проблеманың көрнекті көрінісі – «Өнім бөлісу келісімшарттарымен» (ӨБК немесе СРП) реттелетін жер қойнауын пайдалану жобалары», – деп хабарлады Энергетика министрлігі.

Сарапшылардың байламынша, мұнай-газ химиясы жобалары үшін қажет бастапқы шикізаттың – этан, пропан, бутанның болмауы, болғанның өзінде жаңа МГХ жобалары үшін қымбатқа түсуі ақыр соңында полимерлерден жасалған дайын бұйымдардың да қымбаттауына соқтырды.

Соның кесірінен, Қазақстанның өз нарығында отандық өнімдер шетелдік баламалары – арзан импорт алдында бәсекеге қабілеттігінен айрылған.

Оқылып жатыр

Маңғыстауда ер адам пышақ жарақатынан қаза болды

Қазақстан халқының саны белгілі болды

Жамбыл облысында анасы баласын ұрып-соққан

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024842 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024437 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024328 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Маңғыстауда ер адам пышақ жарақатынан қаза болды

Жаңалықтар 2 февраля, 2026

Астана. 2 ақпан. BM.KZ — Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында медициналық мекемеде пышақ жарақатынан 44 жастағы…

Қазақстан халқының саны белгілі болды

2 февраля, 2026

Жамбыл облысында анасы баласын ұрып-соққан

2 февраля, 2026

Қазақстанда АҚШ пен Украина азаматтарына іздеу жарияланды

2 февраля, 2026

TikTok арқылы «емдеген» алаяқ сотталды

2 февраля, 2026

Шекарада қару-жарақ, жанармай және валюта контрабандасы әшкереленді

2 февраля, 2026

Мемлекет басшысы журналистерді Ұлттық басылым күнімен құттықтады

2 февраля, 2026

ІІМ көлік жүргізушілерін даярлау курстарына қатысты мәлімдеме жасады

2 февраля, 2026

Президент Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барады

2 февраля, 2026

Алькарас «Үлкен дулығаны» толық жеңіп алған ең жас теннисші атанды

2 февраля, 2026

Ақмола облысында жүкті әйел мен күйеуі жол апатынан көз жұмды

2 февраля, 2026

Алтын мен күмістің бағасы күрт төмендеді

1 февраля, 2026

Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы атанды

1 февраля, 2026

Павлодарда салынып жатқан көпірде өрт шықты

1 февраля, 2026

1 ақпанда елдегі қай жолдар жабық

1 февраля, 2026

Елена Рыбакина Australian Open чемпионы атанды

31 января, 2026

Теңіз кен орнында мұнай өндіру қайта жанданды

31 января, 2026

Ұлттық ресурстардан түскен табысын 200 мыңнан аса бала пайдаланған

31 января, 2026

Трамп АҚШ-тың Ішкі кірістер қызметі мен Қаржы министрлігін сотқа берді

31 января, 2026

Елімізде балалардың қауіпсіздігі жасанды интеллектпен бақыланбақ

31 января, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.