• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Қазақстанда азаматтардың жеке қауіпсіздігін қорғауға бағытталған жаңа заң күшіне енді

Қазақстанда азаматтардың жеке қауіпсіздігін қорғауға бағытталған жаңа заң күшіне енді

14 октября, 2025 Басты тақырып
Фото: Shutterstock

Астана. 14 қазан. BM.KZ – Қылмыстық заңнамадағы жаңалықтар күшіне енді, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

2025 жылғы 16 шілдеде Мемлекет басшысы қылмыстық заңнаманы оңтайландыру мәселелері жөніндегі Заңға қол қойды.

Атап айтқанда, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейту, соның ішінде жеке өмірге қол сұғатын, бірақ күш қолданусыз жасалатын құқыққа қарсы әрекеттердің аса ауыр қылмыстарға ұласуын болдырмау мақсатында Қылмыстық кодекске сталкинг үшін қылмыстық жауаптылық енгізілді (ҚК-тің жаңа 115-1-бабы).

– Сталкинг — зорлық-зомбылықпен байланысты емес адамның заңсыз қудалануы ретінде айқындалған. Мұндай әрекетте зорлық белгілері болмағандықтан сталкинг қылмыстық теріс қылықтар санатына жатқызылды.

Бұл баптың мақсаты — физикалық күш қолдануға немесе ашық қауіп-қатерге бармаған қудалаушылардан ықтималы жоғары құрбандарды қорғау.

Қолданықса енгізілгеннен бастап (16.09.2025ж. бастап) елімізде сталкинг фактілері бойынша 2 қылмыстық іс тіркелді –  Атырау және Павлодар облыстарында, – делінген ақпаратта.

Заңға сәйкес, сталкинг жасаған адамдарға 200 АЕК-ке дейін айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не 50 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі жаза көзделген.

Сондай-ақ әйелдердің құқықтарын қорғауды күшейту шаралары аясында осы Заңмен неке қиюға мәжбүрлеу үшін де қылмыстық жауаптылық енгізілді (ҚК-тің жаңа 125-1-бабы).

– Егер әйел адам ұрланып, күш қолдану қаупімен немесе мүлкін жою не бүлдіру қатерімен неке қиюға мәжбүрленсе, кінәлі адамға 2000 АЕК-ке дейін айыппұл салу, не дәл сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту, не 2 жылға дейінгі мерзімге бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Абайсызда ауыр зардаптар туындаған жағдайда — кінәлі адам 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына тартылады.

Неке қиюға мәжбүрлеу фактілері бойынша алғашқы қылмыстық істер Шымкент қаласында, Қызылорда, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында тіркелді, –  деп жазды прокуратурадан.

Бас прокуратура қылмыстық жауапкершілік сталкинг

Оқылып жатыр

SMS-бластер арқылы алаяқтық жасаған қылмыстық топ құрықталды

Монте-Карлодағы «Мастерс» турнирінде Бублик алғашқы қарсыласын ұтты

Президент Таяу Шығыстың бітімге келу туралы келісімін құптайды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024846 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024472 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024438 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

SMS-бластер арқылы алаяқтық жасаған қылмыстық топ құрықталды

Басты тақырып 8 апреля, 2026

Астана. 8 сәуір. BM.KZ — ТМД елдері аумағында осындай схеманың жолы алғаш рет кесілген жағдай.…

Британия Канье Уэстке антисемиттік әрекеттеріне байланысты елге кіруге тыйым салды

8 апреля, 2026

Астана – Омбы бағытындағы пойыз вагондары жаңартылды

8 апреля, 2026

Суару маусымына дайындық: 526 шақырым канал тазартылды

8 апреля, 2026

Монте-Карлодағы «Мастерс» турнирінде Бублик алғашқы қарсыласын ұтты

8 апреля, 2026

Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимараты өртеніп кете жаздады

8 апреля, 2026

АҚШ пен Иран екі апталық бітімге келді

8 апреля, 2026

Президент Таяу Шығыстың бітімге келу туралы келісімін құптайды

8 апреля, 2026

Шығыс Қазақстан тұрғындарын кене шаға бастады

7 апреля, 2026

NBC TV қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

7 апреля, 2026

Мемлекет басшысы ҚР Үкіметі мен ХҚДБ арасындағы келісімге қатысты құжатқа қол қойды

7 апреля, 2026

Шарын табиғи паркінде Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсті

7 апреля, 2026

LRT сынағы барлық 19 құраммен жүргізіле бастады

7 апреля, 2026

Атырауда қоқыс полигоны өртке оранды

7 апреля, 2026

Катонқарағай елдегі ең экологиялық таза қалаға айналады

7 апреля, 2026

Алматыдағы жол апатына кінәлі жүргізуші тергеу изоляторына қамалды

7 апреля, 2026

Әсері күшті дәрілерді заңсыз сату бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды

7 апреля, 2026

Қазақстанда жол-құрылыс маусымы басталды

7 апреля, 2026

Artemis II экипажы Жерден ең алыс қашықтыққа ұшу рекордын жаңартты

7 апреля, 2026

Алматыда 13 жасар қызды әкесінің досы зорлаған: балалар омбудсмені не дейді

26 февраля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.