Астана. 8 қыркүйек. BM.KZ — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Заңсыз активтерді қайтару комитетін Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті деп қайта атауды ұсынды. Бұл туралы Президент өзінің халыққа жолдауында мәлімдеді.
Президент жолдауында қайтарылған активтерді басқару компаниясының қызметіне тоқталып, оның жұмысы барысында мемлекет қазынасына шамамен 850 млрд теңге қайтарылғанын атап өтті.
Тоқаев, Бектеновке инвестиция саласында ұсыныс әзірлеуге 10 күн берді.
Президенттің айтуынша, инвестиция тарту – уақыт күттірмейтін мәселе.
