Астана. 23 желтоқсан. BM.KZ — Таразда полиция қызметкерлері Mitsubishi Pajero маркалы автокөлікті тоқтатты. Көлік жүргізушісі ұзақ уақыт бойы жол ережесін бірнеше рет бұзғаны үшін жауапкершіліктен жалтарған.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, тексеру барысында жүргізушінің 43 жол ережесін бұзғаны, олардың барлығы жылдамдықты асыруға қатысты екені анықталған.
Көлік жүргізушісі жол қозғалысы ережелерінің талаптарын жүйелі түрде елемей, басқа қатысушылардың өміріне қауіп төндірген. Құқықбұзушының автокөлігі арнайы тұраққа қойылды.
«Жылдамдықты асыру – ауыр жол-көлік оқиғаларының басты себептерінің бірі болып қала береді. Жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін және жылдамдық шектеулерін сақтауға шақырамыз», — деп ескертеді полиция.
