Қазақстандықтар рубльден жаппай құтылуға жанталасып жатыр
Былтырдан бері Қазақстан халқының солтүстік көршінің валютасынан арылуы тұрақты тенденцияға айналды.
Бұлай бара берсе, рубль республикамызда тұтынушы таппай қалуы мүмкін. Қазірдің өзінде кейбір айырбастау пункттері әкімшілендіруге және есеп беруге адами, уақыт ресурстарын шығындамау үшін рубль сатудан бас тартуда.
Сонымен, Ұлттық банктің хабарлауынша, 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2024 жылғы қаңтарда ресейлік ұлттық валютаға деген сұраныс бірден 17%-ға құлады.
Бұл жерде бір қызықты құбылыс бар. Түркістан және Қызылорда облыстарының тұрғындары тарапынан өткен айда рубльге мүлдем сұраныс болмапты.
Көршінің валютасын алып жүргендер – негізінен сонымен шектесетін облыстарымыздың жұртшылығы.