• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Қазақстанға қарсы бағытталмаған: Украина КҚК-ға жасалған шабуыл туралы

Қазақстанға қарсы бағытталмаған: Украина КҚК-ға жасалған шабуыл туралы

1 декабря, 2025 Әлем
Фото: cpc.ru

Астана. 1 желтоқсан. BM.KZ — Украина сыртқы істер министрлігі Новороссийскідегі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) нысанына жасалған шабуылдан кейін Қазақстанның ресми наразылығына түсініктеме берді. Киевтің айтуынша, бұл соққылар Қазақстанға қарсы бағытталмаған, керісінше Ресейдің қарулы әрекеттерінен қорғану мақсатындағы шаралардың бір бөлігі.

Украина сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Георгий Тихий Қазақстанның КҚК-ның теңіздегі айлақ құрылғысына жасалған шабуылға байланысты білдірген наразылығына қатысты пікір білдірді. Украина тарапының сөзінше, бұл соққы қорғаныс операциясының аясында жүзеге асқан және оның Қазақстанға еш қатысы жоқ.

Георгий Тихий Украина Астананың алаңдаушылығын ескеретінін атап өтті:

— Украина тарапынан жасалған ешбір әрекет Қазақстан Республикасына немесе өзге де үшінші елдерге қарсы бағытталмаған. Біздің барлық күшіміз БҰҰ Жарғысының 51-бабы аясында Ресейдің агрессиясына тойтарыс беруге жұмылдырылған.

Ол, сонымен қатар, соққылар Украина «агрессордың инфрақұрылымы» деп санайтын нысандарға бағытталатынын, өйткені мұндай нысандар Ресейдің әскери қуатын арттыруға ықпал етіп жатқанын жеткізді.

— Бүгінгі алаңдаушылыққа орай, қазақ тарапынан осыған дейін Ресейдің Украинадағы бейбіт халыққа, тұрғын үйлерге, азаматтық инфрақұрылымға және еліміздің энергетикалық жүйесіне, соның ішінде атом электр станцияларының қосалқы станцияларына жасаған соққыларын айыптаған мәлімдемелердің болмауына назар аударамыз. Бар-жоғы екі күн бұрын Ресей тоғыз сағатқа созылған бір мезгілде зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады. Соның салдарынан бейбіт тұрғындар қаза тауып, жараланды, ал Киев қаласының кемінде 500 мың тұрғыны және Киев облысының 100 мыңнан астам адамы жарықсыз қалды, – деді Украина Сыртқы істер министрлігінің өкілі.

Украина тарапының мәлімдеуінше, аймақтағы тұрақсыздықтың «бірден-бір себебі» – Ресей жүргізіп отырған агрессия.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның СІМ Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылға байланысты наразылық білдірген болатын.

КҚК Украина Украина мен Ресей қақтығысы Украинадағы соғыс

Оқылып жатыр

NBC TV қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

Мемлекет басшысы ҚР Үкіметі мен ХҚДБ арасындағы келісімге қатысты құжатқа қол қойды

Атырауда қоқыс полигоны өртке оранды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024845 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024472 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024438 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Шығыс Қазақстан тұрғындарын кене шаға бастады

Жаңалықтар 7 апреля, 2026

Астана. 7 сәуір. BM.KZ — Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында 4 адамды кене шақты, деп…

NBC TV қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

7 апреля, 2026

Мемлекет басшысы ҚР Үкіметі мен ХҚДБ арасындағы келісімге қатысты құжатқа қол қойды

7 апреля, 2026

Шарын табиғи паркінде Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсті

7 апреля, 2026

LRT сынағы барлық 19 құраммен жүргізіле бастады

7 апреля, 2026

Атырауда қоқыс полигоны өртке оранды

7 апреля, 2026

Катонқарағай елдегі ең экологиялық таза қалаға айналады

7 апреля, 2026

Алматыдағы жол апатына кінәлі жүргізуші тергеу изоляторына қамалды

7 апреля, 2026

Әсері күшті дәрілерді заңсыз сату бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды

7 апреля, 2026

Қазақстанда жол-құрылыс маусымы басталды

7 апреля, 2026

Artemis II экипажы Жерден ең алыс қашықтыққа ұшу рекордын жаңартты

7 апреля, 2026

Алматыда 13 жасар қызды әкесінің досы зорлаған: балалар омбудсмені не дейді

26 февраля, 2026

Астана әуежайындағы ұшу-қону жолағы жабылады: Air Astana рейстеріне өзгеріс енгізіледі

26 февраля, 2026

Алматыда 8 келі метамфетамин тәркіленіп, күдікті қамауға алынды

26 февраля, 2026

Алматыдағы даулы оқиғадан кейін курьерлерге қойылатын талап күшейеді

26 февраля, 2026

Бүгін республика жолдарындағы ахуал қандай

26 февраля, 2026

Куба жағалауында атыс болды: қаза тапқандар мен жараланғандар бар

26 февраля, 2026

Астанада оқушылар онлайн оқитын болады

26 февраля, 2026

–40 градусқа дейін аяз: Қазақстанда күн күрт суытады

26 февраля, 2026

Атырауда трансгендерлерге қатысты резонанс тудырған оқиға: мән-жайы айтылды

25 февраля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.