Қазақстанның жас математиктері халықаралық олимпиадада жеңіске жетті
Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түркіменстан және Тәжікстаннан келген 135 оқушының қатысуымен Әл-Хорезми атындағы халықаралық математика олимпиадасы өтті.
Бұл беделді жарыста Қазақстан құрамасы керемет нәтиже көрсетіп, 100% көрсеткішке қол жеткізіп, төрт медаль иеленді. Олимпиадада қатысушылар жоғары деңгейде дайындықтарын көрсетіп, математикалық білімдерін сынады.
Қазақстандық жас математиктер өздерінің білімі мен дарынын дәлелдеп, еліміздің абыройын асқақтатты. Бұл жеңіс Қазақстанның білім беру жүйесінің жоғары деңгейде екенін және болашақ ұрпақтың үлкен жетістіктерге жетуге қабілетті екенін көрсетеді.
Жеңімпаздар мен олардың жаттықтырушыларын құттықтай отырып, алдағы уақытта да үлкен жетістіктерге жете берулерін тілейміз.
Үсенқұл Шыңғыс