Астана. 19 қараша. BM.KZ — Компания мұндай ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды LS.
«ҚазМұнайГаз» бұқаралық ақпарат құралдарында тараған, ҚМГ «Лукойлдың» Қарашығанақтағы үлесін сатып алуды жоспарлап отыр деген хабарламаларды ресми түрде теріске шығарды.
Сонымен қатар ұлттық компания жобаны іске асыруға санкциялық шектеулердің ықпалы қандай болуы мүмкін екенін және туындауы мүмкін тәуекелдерді ҚМГ серіктестерімен бірге үнемі талдап, бағалап отыратынын атап өтті.
