Астана. 30 қыркүйек. BM.KZ – Қостанай облысы Әулиекөл ауданында отбасына қатысты аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен полицейлер 51 жастағы ер адамды ұсталды.
Әлеуметтік желілерде тараған деректерге сәйкес, 29 қыркүйек күні «102» желісіне ер адам хабарласқан. Көшеде оған жас қыз келіп, үйінде анасы мен ағасы еденде жатқанын жеткізген.
Оқиға орнына келген полицейлер екі адамның мәйітін тапты. Кейіннен аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 51 жастағы ер адам қолға түсті.
— Күдікті кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу органдары барлық мән-жайды мұқият анықтап жатыр. Полиция қылмыс жазасыз қалмайтынын атап өтеді. Кінәлі заңға сәйкес қатаң жазаланады, — деп мәлімдеді Қостанай облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметі.
