Астана. 13 сәуір. BM.KZ — «Қостанай–Әулиекөл–Сұрған» тас жолында «Mercedes-Benz» пен ВАЗ-2107 көліктері соқтығысып, 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.
— Алдын ала мәліметтерге сәйкес, «Mercedes-Benz» автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, соның салдарынан ВАЗ-2107 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.
Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолда барынша мұқият болуға шақырады.
