• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » «Құрақ мені қайта тірілтті». Нұргүл Абайханның құрақ көрпесі рекордтар кітабына енген

«Құрақ мені қайта тірілтті». Нұргүл Абайханның құрақ көрпесі рекордтар кітабына енген

25 августа, 2025 Басты тақырып
Фото: BM.KZ

Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетінде айрықша орын алатын құрақ көрпе тек тұрмыстық бұйым ғана емес, ұрпақтар сабақтастығын, ұлттың көркемдік танымын, қолөнер дәстүрін танытатын ерекше өнер түрі. Соңғы жылдары осы рухани мұраны жаңғырту мақсатында қолға алынған «Аламан құрақ» жобасы ел ішінде кеңінен қолдау тауып, ұлттық болмыстың жарқын көрінісіне айналды. Бұл жобаның жетекшісі Нұргүл Абайхан 2023 жылы 200 құрақшымен, 2024  жылы 450 құрақшымен Гиннесс рекордтар кітабына енген. Ал 2025 жылы Алматы қаласында Медеу мұз айдынында 660 құрақшы, 660 құрақ көрпе жайып әлемдік рекордты жаңартқан. Сонымен қатар, «Алма жастық» инсталляциясы қойылды.

Бәрі қуыршақтарға киім тігуден басталған

Нұргүл Абайханның айтуынша, қолөнер саласына келуі кішкентайында ең әуелі қуыршақтарға киім тігуден басталған. Кейін мектеп табалдырығын аттаған соң, еңбек сабағында тігін тігіп машықтанған. Одан соң оқуға түсіп, бастауыш сынып мұғалімі мамандығын тәмамдаған. Сабақ барысында балаларға матадан ойыншық тігіп, шағын киімдер дайындап жүрген.

Уақыт өте келе нағашы апасының қолөнер бұйымдары санасынан кетпеген. Нағашы апасы қолы епті, оюды еш сызбасыз-ақ қиып, бұйымдарға жапсыра беретін шеберлігі болған. Кейін келін болып түскенде де өнерден қол үзбеген. 90-нан асқан енесі де көрпенің пішінін жасауды және өзге де қолөнерді үйреткен. Сөйтіп, қай ортаға барса да өнерге жақын адамдардың арасында жүрген. Анасы да үнемі қолөнермен айналысып, үйдегі бұйымдарды тігіп, кейде жаңартып отырған. Әсіресе, Наурыз мерекесінде үйге жаңа нәрсе ену керек деп, жаңа дүниелерді тігуді әдетке айналдырған.

Коллаж: BM.KZ

«Ең алғашқы құрақты 21 жасымда құрадым. 18 жасымда бір жаятын көрпелер тіктім. Ал  21 жасымда алғашқы құрағымды жұлдыз құрақтан бастадым. Кейін отбасым, жұмысым болып, кішкене қол үздім. Бірақ тігінді ешқашан тастаған емеспін. Одан  кейін туған сіңілімнің жасауын толыққанды өз қолыммен тігіп шықтым. Келін болып түскен жерім, Қордай ауданы Сұлу төр ауылында талай қыздың жасауын тігіп, рахметін алғанмын», – дейді шебер.

«Аламан құрақтың» мақсаты не?

«Аламан құрақ» жобасының алғашқы қадамы 2022 жылы басталған. Сол жылдары қол жинап, бірден өз миссиясына кіріскен.

«Алғашқы жоба 2023 ші жылы 4 маусымда өтті. Жобаның миссиясы қазақтың құрағын әлемге таныту, қазақтың ауызбіршілігін, қонақжайлылығын және кеңпейілділігін көрсету, қазақтың құрағын әлемдік деңгейде брендке айналдыру болды», – дейді ол.

Фото: BM.KZ

Айтуынша, қазір небір мықты құрақшылар бар. Бірақ, тұтынушының айтқанына көніп, солардың қалауы бойынша тігіп жүр. «Қыз жасауы» секілді бұйымдарды алатын болсақ, тапсырыс берушілер өздері үлгі беріп жатады. Алайда ең дұрысы, шеберлердің үлгісімен тіктіру екен. Өйткені, дизайнды дұрыс шығару, сол дизайнмен түстерін таңдау, дәстүрге сай етіп тігу – барлығы ойластырылған. Әсіресе, ең ерекше тұсы, құрақтың қолмен тігілуінде. Өйткені, машинамен тігудің арасында айырмашылық жер мен көктей.

«Құрақты жаңадан бастаған адамға бастапқыда қиындау болады. Ең бастысы, өлшемді дұрыс алса, ешқашан қиындық болмайды. Мата болған соң, ол қозғалады, қимылдайды, созылуы мүмкін. Сапалы дүние шығару, тәжірибемен келеді. Қолды үйрету керек. Менің үлкен тәжірибием бар. Отыз жылдан асыпты. Осы уақыт аралығында мемлекеттік қызметті де атқардым. Бірақ, осы жұмысымды ешқашан тоқтатқан емеспін. Бұл қолөнерге деген махабатым шығар. 2020 жылы инсульт алдым. Осы құрақ тігуге деген махаббаттан жазылдым десем де болады. Құрақ мені қайта тірілтіп, адам қатарына қосты», – дейді Нұргүл Абайхан.

Фото: BM.KZ

Құрақтың көшірмесі базарда толып тұр

Шебердің айтуынша, елімізде салт-дәстүрді дәріптеу, қолөнерге көңіл бөлу әлі де ақсап тұр. Үкімет жүйелі түрде грант беріп келеді. Бірақ, әрқайсына бөлек-бөлек емес, үлкен орталық ашып, мемлекет көмекті сол жерге көрсеткенін қалайды.

«Барлық қолөнер бұйымдарын жасауды оқыту орталығы болғанын қалаймын. Сол жерде қолөнер бұйымдарын сататын жер болса, керемет болар еді. Егер орталық болса, басқа елдің де, халықтың да көзі үйренер еді. Бізде ондай орталықтар жоқ. Бұдан бөлек, сырт елге шығу, біз үшін үлкен қиындық тудырады. Өйткені, қымбат. Еш көмек жоқ дей алмаймын. Жергілікті жерде ғана қолдау бар. Басыбайлы мән бермей отыр. Тіпті, бізге қажетті заттар да өз елімізде шығарылмайды. Жіп, мата, ине секілді заттар шетелден келіп жатыр. Ал, біз өзіміздің елде ғана сұранысқа жұмыс істейміз. Базарларда біздің көрпе-төсектердің көшірмесі көп. Олар арзан. Біздікі қымбат. Халықтың қалтасы көтермейді. Бұл біз үшін қиындық тудырады», – дейді Нұргүл ханым.

Құрақ тігушілер қатары жыл сайын артып келеді

Тігіншінің сөзінше, бір қыздың жасауына көздің жауын алатындай етіп дайындауға орта есеппен 1 ай уақыт кетеді. Ал құрақ үлгілері ретінде ата-бабамыздан мұра болып қалған, ежелден келе жатқан қазақтың дәстүрлі «қошқар мүйізі» бар. Сонымен қатар, «ши құрақ» техникасымен де тігіледі. Кейіпкеріміз көбіне «ши құрақ» үлгісін қолданатынын айтады. Бұл тігіншілердің ортасындағы ең жоғарғы бағаланатын техникалардың бірі.

Фото: BM.KZ

«Біздің жобамызда 8 жастан бастап 18 жасқа дейінгі балалалар бар. Мәселен, 2023 жылы 8-9 жастағы екі қыз қатысты. 2024 жылы бес құрақшы бүлдіршін қатысты. Ал биылғы жобамызда 6 жастан 18 жасқа дейінгі 45 бала қатысып, қуантып қойды. Әрине, арасында апаларына қолдау көрсету үшін келгендер де бар. Бірақ, мұның өзі көңілді жылытады.  Бірақ, 6 жастағы қыз, сенсеңіз, өзі тікті.  Сондықтан, бұлардың санасында қалады. Олар ары қарай құрақ өнерін жалғастырып, ұрапақтан ұрпаққа берілсе жақсы. Нақтырақ айтқанда, бірінші жылы 200 құрақшы, екінші жылы 450 құрақшы, биыл 650 құрақшымыз бар. Барлығын шәкірт деп айтпасам да, сол көрпелердің  үлгісін тіккен артымнан ілескен үзеңгілестерім десем дұрыс болар. Олардың барлығы қазақтың құрағын әлемге танытуға атсалысып жүрген патриот жандар», – дейді кейіпкер.

Фото: BM.KZ

Оның ендігі арманы, әр қазақтың үйінде бір бөлмесі қазақша жабдықталса, сол үйде нәрестелеріміз өсіп-өнсе деген тілегі бар. Сол қазақилықтың исі аңқыған бөлмені, құрақты көріп өскен жасөспірімдер ұлтжанды болып өсеріне сенімді.

Нұргүл Ерғалиқызы, 

BM.KZ

дәстүр қолөнер құрақ көрпе Нұргүл Абайхан рекорд тігінші

Оқылып жатыр

Бағалар күрт өсті, халық наразы: Қазақстан экономикасында не болып жатыр?

Өңірлер әлеуметтік маңызы бар көкөністер мен жүгері егісін ұлғайтады

Оралда 16 жастағы жасөспірім алты күннен бері іздестіріліп жатыр

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024839 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024436 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024328 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Алматы әуежайында 6,8 млрд теңге көлемінде дивидендтер заңсыз төленген

Жаңалықтар 27 января, 2026

Астана. 27 қаңтар. BM.KZ – ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті профилактикалық бақылау барысында…

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды

27 января, 2026

Қазақстандық ұшақтар Иранды айналып ұшатын болады

27 января, 2026

Светлана Жақыпова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды

27 января, 2026

Бағалар күрт өсті, халық наразы: Қазақстан экономикасында не болып жатыр?

27 января, 2026

Олжас Бектенов Kazakh Tourism басшысына: Нәтиже болмаса, қоштасамыз

27 января, 2026

Қарашығанақ операторлары Қазақстанға 4 млрд доллар өтемақы төлеуі мүмкін

27 января, 2026

Өңірлер әлеуметтік маңызы бар көкөністер мен жүгері егісін ұлғайтады

27 января, 2026

Оралда 16 жастағы жасөспірім алты күннен бері іздестіріліп жатыр

27 января, 2026

Геннадий Головкин Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті

27 января, 2026

Семейде ер адам полицейлердің екі көлігін өртеп жіберген

27 января, 2026

Үндістанның ірі әуе компаниясы Алматыға рейстерін тоқтатты

27 января, 2026

Мемлекет басшысы: тәртіпсіздік пен заңсыздыққа жол беруге болмайды

26 января, 2026

Қазақстанда Нипах вирусына байланысты санитарлық бақылау күшейді

26 января, 2026

Алматыда дәрігерлер жүкті әйелдің жүрегіне ота жасады

26 января, 2026

Атырауда күкіртсутек мөлшері рұқсат етілген деңгейден 36 есе асып кетті

26 января, 2026

Жарқанаттар, жанаттар, жыландар: 2025 жылы тағы қандай жануарлар құтқарылды

26 января, 2026

4,5 млрд теңге залал: фармацевтика саласында ірі қылмыс жасаған тұлғалар ұсталды (ВИДЕО)

26 января, 2026

Футболдан Еуропа чемпионы «Ақтөбе» футбол клубында ойнайды

26 января, 2026

ІІМ: әлеуметтік желідегі танысу туралы жазбалардың артында алаяқтар тұруы мүмкін

26 января, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.