Астана. 17 қараша. BM.KZ – Құтқарушылар елорда тұрғындарының Есіл өзені мен Ботаникалық бақтағы су қоймаларындағы мұзға шығып кетулеріне байланысты ескерту жасады.
— Астанада Есіл өзенінде және Ботаникалық бақтағы су қоймасындағы мұздың қалыңдығы қазір 2 см ғана, кей жерлерде тіпті қатпаған. Бұл қалыңдық адам салмағын көтере алмайды. Мұз қауіпсіз болуы үшін оның қалыңдығы 10 см-ден аз болмауы қажет, — делінген хабарламада.
Осы ретте ТЖМ мұздың қалыңдығына көз жеткізбей оған шығуға болмайтынын, балаларды ешқашан бақылаусыз мұз үстіне жібермеу қажеттігін ескертті.
— Қатпаған мұздың үстіне шығу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412 бабы бойынша шара қолданылатынын хабарлаймыз! Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыздар!, — делінген ТЖМ ескертуінде.
