Астана. 29 қаңтар. BM.KZ – Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
— Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.
