Астана. 3 ақпан. BM.KZ – Серік Сәпиевтің қатысуымен болған даулы оқиғаның соңы кадрлық шешімдермен аяқталды.
— Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында ведомство басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов өз еркімен атқарып отырған лауазымдарынан босатылды, — деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Еске салсақ, Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, екі ер адам арасында алдымен келіспеушілік туындап, ол кейіннен төбелеске ұласқан.
Оқиғаға байланысты Серік Сәпиев әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады. Ол аталған жағдайдың жеке немесе тұрмыстық сипатта еместігін атап өтті.
