Астана. 7 сәуір. BM.KZ — Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында фототұзаққа Қызыл кітапқа енген Түркістан сілеусіні түсіп қалды.
Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағына орнатылған фототұзаққа Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына енген сирек жыртқыш – Түркістан сілеусіні (Lynx lynx isabellinus) тіркелді.
Сілеусін – өте сақ, жасырын тіршілік ететін әрі табиғатта сирек кездесетін аң. Оның фототұзаққа түсуі парк аумағындағы табиғи ортаның қолайлы екенін және биоалуантүрліліктің сақталғанын көрсетеді.
