Астана. 4 ақпан. BM.KZ – ШҚО Зайсан ауданы Біржан ауылдық округіне қарасты Қуаныш ауылының тұрғындары ішімдіктен түгел бас тартты. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлайды.
Қуаныш ауылы – ішімдіксіз өмір мен қоғамдық тұрақтылықтың үлгісі.
Аталған ауыл Зайсан ауданында ресми түрде тіркелген үшінші үлгілі ауыл атанып отыр.
Бұл бастама құқық бұзушылықтардың, оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, сондай-ақ заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыруға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған.
Қазіргі уақытта Қуаныш ауылында 80-нен астам үйде шамамен 370 адам тұрады.
