Астана. 5 қараша. BM.KZ – Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан 5 адам қаза болып, бір адам жарақат алды.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 4 қараша күні Өскемен-Риддер тасжолының 48-ші шақырымында болды.
— ЗИЛ жүк көлігі мен Toyota Estima көлігі соқтығысқан. Соның салдарынан 5 адам сол жерде тіл тартпай кетті. Жарақат алған 1 адам ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қаза болғандардың кім екені және оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
