Шымкент. 28 тамыз. BM.KZ — 2025 жылғы 26 тамыз күні сағат 14:30 шамасында Шымкент мұнай өңдеу зауытының (ШМӨЗ) аумағында қайғылы оқиға болды. Оқыс жағдай кезінде автокөтергіш аударылып, мердігер ұйым «КРС Астана» ЖШС-нің екі қызметкері – оқшаулау мамандары мерт болды.
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС баспасөз қызметі мәліметті растап, оқиғаның нақты себептерін анықтау мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылғанын хабарлады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Зауыт штаттық режимде жұмысын жалғастыра бермек. Компания басшылығы марқұмдардың туыстарына қайғырып, көңіл айтты.
