Шымкент. 1 тамыз. BM.KZ – Марқұм үйінен 21 шілде күні шығып кеткен. Алдын ала деректер бойынша мәйіт Тәшенов көшесі бойындағы қоқыс жәшігі жанынан табылған.
Ал жергілікті еріктілер оған 5 күннен бері іздеу жариялаған еді. Әлеуметтік желіде қаза тапқан келіншектің артында 2 баласы қалғанын айтады. Бейресми ақпарат бойынша жарнама арқылы үй тазалауға барған оны күдікті бірнеше жерінен пышақтаған көрінеді. Қазір сезікті қамауға алынды.
Қалалық полиция департаменті қазір бұл жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтады.
«Шымкент қаласының 26 жастағы тұрғынын өлтіру жайты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, тергеу изоляторына қамалды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу жұмыстары жүргізілуде», — дейді Шымкент қ. ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұржан Мырзагелдиев.
