Астана. 14 қаңтар. BM.KZ — Шымкенттегі Шымсити ықшам ауданындағы тұрғын үй кешенінің бірінде ер адамның 16-қабаттан құлағаны туралы ақпарат тараған. Оқиға орнынан түсірілген видеоға қарағанда, ол тіл тартпай қайтыс болған, деп хабарлайды Курсив.
Қайғылы оқиғаны қалалық полиция департаменті растады.
«Полицияға көпқабатты тұрғын үйдің ауласынан мәйіт табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған дерек бойынша суицид фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», — делінген полиция хабарламасында.
