Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қанат Дузелбаевтың айтуынша, су тасқыны жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіледі.
Сергеевка су қоймасының сыйымдылығы 182% құрайды. Есіл өзенінің жайылмасында кептеліс орын алған жоқ. Су қоймасына аққан су – 425 см.
Осыдан 3 аудан мен Петропавл қаласын су басу қауіпі төніп отыр. Қар жамылғысы 30%-ға дейін жетеді. Әлі де 219 елді мекенді су басу қауіпі жоғары.
«40 үйдің 13-ін су басып қалған. 286 адам эвакуацияланып, 44 адам үйлеріне қайтарылды. 111 үйдің маңын су басты», — деді спикер ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Кеше кешке Қорғаныс министрлігінен 313 әскери қызметші келді.
«Қолда бар ауыр техникалар аудандарға жөнелтілді. Сонымен қатар, ұйымдарға бекітілген техникалар да жұмылдырылуда», — деді Қанат Дузелбаев.
Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданындағы елді мекендердің айналасындағы қорғаныс бөгеттері күшейтілуде.
«Бүгіннен бастап Тайынша ауданында өтемақы төлеуге өтініштер қабылдануда», — деп толықтырды СҚО әкімінің орынбасары.