«Байтақ» жасылдар партиясының ғылыми-сараптамалық кеңесі су тасқыны мәселесін және оның алдын алу шараларын талқылайды.
«Байтақ» жасылдар партиясы БАҚ өкілдері мен барлық мүдделі тұлғаларды су тасқыны мәселесі бойынша Ғылыми-сараптамалық кеңестің отырысына шақырады.
Іс-шара 2024 жылғы 5 сәуірде Астана қаласында Аманжолов көшесі 32/1 мекенжайы бойынша өтеді.
Отырыстың тақырыбы: «Су кодексі: су тасқынына дейін және одан кейін». Сарапшылар мен «Байтақ» партиясының мүшелері су тасқынына және оның салдарына байланысты мәселелерді неғұрлым тиімді реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Су кодексін жетілдіру қажеттілігін талқылайды.
Су тасқыны жыл сайын ел экономикасына айтарлықтай зиян келтіреді және азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруде. Қолданыстағы Су кодексі климаттың өзгеруіне және басқа да факторларға байланысты қазіргі кезде туындаған сын-қатерлерді толық көлемде ескермейді.
Отырыста су тасқынының алдын алу және салдарын жою бойынша нақты ұсыныстар қаралатын болады. Осы өзекті проблеманы шешуге кешенді әдістеме әзірлеу жоспарланып отыр.
Ғылыми-сараптамалық кеңестің құрамына су ресурстары, экология, табиғатты пайдалану және осыған ұқсас саласының беделді ғалымдар мен сарапшылар кіреді. Олар еліміздің жетекші ғылыми және білім беру мекемелерінің жоғары білікті мамандары.
Түрлі білім салаларынан жетекші сарапшыларды тарту су тасқыны проблемасын жан-жақты қарауға, бүгінгі күні туындаған мәселелерді ескере отырып, Су кодексін жетілдіру бойынша салмақты және негізделген ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.
Іс-шара сағат 11:00 басталады.
Сіздерді осы маңызды шараға қатысуға шақырамыз.
Өткізу орны: Астана, Аманжолова 32/1, «Байтақ» жасылдар партиясының кеңсесі
Іс-шара басталуы: 11.00, 5 сәуір 2024
БАҚ өкілдері мен барлық мүдделі тұлғалар қосымша ақпаратты мына телефон арқылы ала алады: 8 747 649 1288
Спикерлер:
Әміртаев Азаматхан — «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы;
Сағитов — «Байтақ» жасылдар партиясы Алматы қалалық Абай Оразұлы филиалы саяси кеңесінің мүшесі
Жанай Сағин, PhD докторы, Қазақстан-Британ техникалық университетінің инженерлік геоматика кафедрасының профессоры;
Әшіряев Клим Шавкатұлы, т.ғ.к., профессор, суды үнемдеу мәселесі бойынша халықаралық сарапшы;
Әбіров Асқар Абашұлы, т.ғ.к., инженер-гидротехник, Ғылыми-техникалық және экономикалық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері;
Нұрхожаев Болат — «Байтақ» жасылдар партиясы Қызылорда облыстық филиалы саяси кеңесінің мүшесі, ғалым;
ҚР Парламентінің депутаттары, қоршаған ортаны және су ресурстарын қорғау саласындағы уәкілетті органдар және т.б.